Жылыту маусымы қарсаңындағы брифинг

Баспаға жіберу

IMG_8262

12 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында Департамент бастығының орынбасары М.С.Қайсанов және Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Қ.Нұрғазинов сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 8 айында Астана қаласы бойынша 401 өрт тіркелген, осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15%-ға төмендеген. Өрттен 8 адам (2017 ж – 10 адам) көз жұмды, оның ішінде 1-і бала.

Өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алады, осындай 187 оқиға (өрттің жалпы санынан 47%) тіркелген. Оның 65%-ы жер үйлерде болып отыр.

Жылыту маусымы бастылысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттердің ұлғаюы және улы газбен улану жағдайлары арта түседі. 27 адам улы газбен уланды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48% төмендеген (2017ж – 52адам уланған). Улы газбен уланудың 22 жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар (түтіндіктің бітелуі – 2, пеш құрылымындағы күйелер мен жарықтар - 20) себеп болған, 4 жағдай пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан болған (нашар сорғы), ал 1 факт өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық себебінен орын алған. Улы газбен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылыту қондырғыларына немқұрайлы қарауына (өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеушіліктер және дұрыс пайдаланбау) байланысты орын алған.  Сонымен бірге үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе зауыттық емес өндірушілердің жылытқыштарын қолданады, ол өз кезегінде баспанаға ғана емес адам өміріне де қауіп төндіреді. Қолданыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес стандарттық емес (қолдан жасалған) электр жылыту құралдарын қолдануға, жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғаушы калибрлі емес қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.

Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы басталмас бұрын өрт қауіпсіздік айлығы жүргізіледі, рейд шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралау рейдтерін жүзеге асырады, үгіт-профилактикалық жұмыстары күшейтіледі. Жыл басынан бері 18370 тұрғын сектордағы үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 198 жиналыстар өткізілді, бұл жиналысқа 5419 адам қамтылды, сонымен қатар 7570 адамды қамти отырып, 256 нұсқаулықтар жүргізілді.  12414 адамның қатысуымен 422 дәрістер  өткізілді.

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:

  • Үй ауласындағы аумақтарды  таза ұстау, қоқыстар мен қалдықтарды жақпау, ыстық көмір мен күлді құрылысқа жақын төкпеу;
  • Ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбау, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмау;
  • Жыл бойына кемінде үш айда бір рет , сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалау;
  • Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау, жас балаларға  жанып жатқан пешті қарауды тапсырмау;
  • Заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеу .



 IMG_8263

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі