Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Байқоңыр ауданының екі тұрғын кешенінде алдын алу жұмыстары жүргізілді

Байқоңыр ауданының екі тұрғын кешенінде алдын алу жұмыстары жүргізілді

PDF Баспаға жіберу

IMG-20181127-WA0008

«Байқоңыр» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудандағы биік қабатты үйлерде өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізді.

Өткізілген іс-шара барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр қауіпсіздігінсақтаумәселелері, кіреберіс жолдары мен өртке қарсы қорғау жүйелерін күтіп ұстау тәртібі пысықталды.


«Территория комфорта» ТК қызмет көрсетуші персоналымен өртке қарсы қорғау бөлімшелері өзара іс-қимылын практикада пысықтау үшін, шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық жаттығу өткізді, «Алмалы» ТК өртке қарсы қорғау жүйесінің дұрыс жұмыс етуі тексерілді.

Осыдан бұрын, биік қабатты үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудан әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте қарастырылды, нәтижесінде «Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының коммуналдық тұрғын үй қоры объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» жол картасы әзірленді. Объектілерді өртке қарсы қорғау, техникалық үй-жайларды, кіреберіс жолдарын және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды күтіп ұстау жүйелерін қалпына келтіруге бағытталған алдын алу және практикалық іс-шараларды өткізу тәртібі әзірленді.

  IMG-20181127-WA0009

IMG-20181127-WA0005

УЧС района Байконыр ДЧС города Астана