Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша шығу брифингі

Мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша шығу брифингі

PDF Баспаға жіберу

IMG_0349

28 қарашада Астана қаласы ТЖ департаменті «Орталық аймақтық жедел-құтқару жасағы» ММ бірлесе бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «Қауіпсіз мұз» атты шығу брифингін өткізді.

Ауа температурасының ауытқуына байланысты су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы жұқа, аса қата қойған жоқ, бұл жағдай халыққа қауіп тудыруда.

Брифинг өткізу барысында мұз үстінде  балық  аулау орындарында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Сонымен бірге адамның мұз астына түсіп кету жағдайында оны құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды пысықтау жоспарлануда.

- Жыл сайын жұқа мұздың кесірі адам өлімінің себепші болып келеді, көбінесе қаза болғандардың ішінде қатып қалған мұз айдындардың маңында ата-аналардың қараусыз жүрген балалар саны. Көптеген әуесқой балықшылар бір рет мұз астына түсіп кетсе де, бәрібір мұзға шыға береді, осы жолы менімен ештеңе болмас деп. Бірақ осындай тым өзіне деген сенімшілдік қайғылы жаңдайларға әкеледі- деп Астана қаласы ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Э.Райымбеков БАҚ өкілдеріне жауап берді.

Елордалық ТЖД адамдардың суда қаза болуына жол бермеу мақсатында үгіт-профилактикалық жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Ағымдағы жылғы қазан айында Департамент қызметкерлері Департаментпен "ОӨАЖҚЖ" және "АМО" қызметкерлерімен бірлесіп, қаламыздың оқу орындарында көшпелі және интерактивті сабақтар өткізілді.

Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері ЖПҚ-мен бірлесе мұз үстінде балық аулау орындарында рейдтік шаралар жүргізеді. Департамент аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері қараша айында қаланың балық аулау және аңшылық дүкендерінде профилактикалық іс-шараларын өткізіп, онда дүкенге келушілермен балық аулау мен аңға шығу алдындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша әңгімелер жүргізді. Осымен бірге Есіл өзенінің жағалауындағы ең қауіпті деген жерлерде «Мұзға шығуға тыйым салынады» деген 36 тыйым салынатын белгілер орнатылды.

Қауіпті топтарға – мұзда қызығушылық пен тентектік танытқан  балалар мен жасөспірімдер жатады. Адамға мұздай суда мұз ойығында өмірмен арпалысу өте қиын және қауіпті: есеп минутқа тіптен секундқа жүреді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым мұздағы қауіпсіздік шараларын еске салады.  Мұздан өту кезінде тыйым салынады:

- қатпаған мұздын үстіне шықпаныз;

- топ құрып мұздың бір аумағында жиналмаңыз;

- мұздың жарық жерлеріне жақындамаңыз;

- көлікпен жағадан алыс жерлерге бармаңыз;

- мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;

- мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер, төскигіштер) шығуға тыйым салынады;

- мұзда шектеулі аймақта екіден астам ойықтарды жасауға болмайды;

- мұздың үстінде от жақпаныз.

 IMG_0356 IMG_0358 IMG_0360 IMG_0365 IMG_0371 IMG_0378

ДЧС города Астана


 
Система Orphus