Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Жаңа жылды қауіпсіз өткізу бойынша брифинг

Жаңа жылды қауіпсіз өткізу бойынша брифинг

PDF Баспаға жіберу

IMG_0795

Елордалық ТЖ Департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен жаңа жылдық іс-шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын және пиротехникалық құралдарын қолдану ережелерін сақтау, сонымен қатар қыс кезінде ТЖ алдын алу туралы брифинг өткізген болатын.

2018 жылдың өткен мерзімінде Астана қаласы аумағында 605 өрт тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5%-ға азайған. Олардың 262-сі немесе 43,3% жеке тұрғын секторында болған.  Өрт салдарынан 10 адам қаза болған, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, адамдардың қаза болу жағдайлары тұрақтанды, олардың 1-і бала, өткен жылы 3 бала қаза болған болатын, сондай-ақ 43 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.  Улы газбен (өрттің туындауынсыз) 27 адам уланды.

Материалдық шығын 345 млн. астам соманы құрады.  Астана қаласының ТЖ Департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Адамдар көп жиналатын орындардағы (ХҚКО, СОО, тұрмыстық техника дүкендері және т.б.) және көліктердегі өрттердің алдын алу және қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық сипаттағы бейнероликтер жарияланып, баннерлер орнатылды. Тұрғындарға жаднамалар тарата отырып, жеке тұрғын үйлерді аралау жұмыстары да атқарылады (қазіргі таңда 34341 үйді аралады, 48175 тұрғын қамтылды). Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтетін, адамдар көп жиналатын нысандар мен мектептерде, мектепке дейінгі орындарда кезекшіліктер ұйымдастырылады, дәрістер мен нұсқамалар өткізіледі. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметімен бірлесіп пиротехникалық өнімдерді сату орындарына рейдтік жұмыстар өткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы және өткен жылы Астана қаласында пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбау салдарынан болатын өрт оқиғалары тіркелген жоқ.

Соңғы жылдары түрлі сипаттағы, іске қосылуы сан түрлі, көлемі мен заряд массасы жағынан әртүрлі, отандық және шетелдік (Ресей, Қытай, Корея және т.б.) фирмалардан шығарылған пиротехникалық өнімдер кеңінен сатылуда. Пиротехникалық өнімдерді бейберекетсіз сату және тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай оларды қолдану өрттердің шығуына, адамдардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің жарақат алуы немесе қаза болуына себеп болады.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда дүңгіршектерінде, көшелерде, арнайы жасақталмаған дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехникалық өнімдерді 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сәйкестілік сертификаты мен қолдану нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға болмайды.

Жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз қарсы алу мақсатында Астана қаласының ТЖД ескертеді:

Пиротехникалық өнімдерді қолданар алдында қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз.

  • Өнімдерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  • Пиротехникалық өнімдерді ылғал немесе өте құрғақ, ауа қысымы жоғары орынжайда, тез тұтанғыш заттармен, жылыту құралдарына жақын жерде сақтауға тыйым салынады.
  • Пиротехникалық өнімдерді ересектердің қатысуынсыз 18 жасқа толмаған балалардың қолдануына тыйым салынады.
  • Пиротехникалық құралдардың жанында темекі шегіге болиайды.
  • Пиротехникалық құралының конструкциясын қолданғаннан соң өзгертуге болмайды.
  • Пиротехникалық құралдарды үй-жай ішінде және қолда ұсатуға болмайды (бенгаль отына басқа).
  • Электр жабдықтардың қасында қолдануға болмайды және ағаштардан қауіпсіз арақашықта ұстау қажет.

Жаңа жылдың символы ретінде шырша болып келеді. Қандай шырша таңдасаңыз да келесі қауіпсіздік шараларын естен шығармаған жөн:

-        Шыршаны жылыту жабдықтарынан алшақ орналастыру керек,

-        Шыршаны орналастырғанда шығу жолдарына бөгет жасамасын,

-        Шыршаны тез жанатын материалдардан, қағаздан, мақтадан жасалған гирляндалармен әшекелемеңіз,

-        Шырша қасында бенгаль, майшам, шартылдақтарды қолданбаңыз,

-        Балаларға шырша қасында үлкендерсіз ойнауға және от жағуға жол бермеңіз.

-        Гирляндыны зауытта жасалған түрін алыңыз. Гирляндық электрөнімінің барлық түріне сертифика тболу керек.

Егер де шырша өрттенетін болса, оны жерге құлатып, ауаның өтпеуі үшін үстінен қалың жабдымен жауып, су құю керек.

Астана қаласы ТЖД