Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Жеке тұрғын секторда рейдтік шаралары жүргізілуде

Жеке тұрғын секторда рейдтік шаралары жүргізілуде

PDF Баспаға жіберу

IMG_1099

Астана қаласында жыл басынан бастап 69 өрт  тіркелді. Жылыту маусымы бастылысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттердің ұлғаюы және улы газбен улану жағдайлары арта түседі. Жылдың басынан бері улы газбен улану себептерінен  2 адам жарақат алған, оның ішінде 1-і бала.

Бүгін 5 ақпанда Астана қаласы ТЖ департменті Астана қаласы ЖПҚ қызметкерлерініңжәне БАҚ өкілдерінің қатысумен өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру және профилактика бойынша Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының тұрғын сеторында рейд өткізіп жатыр. Аралау барасында үй тұрғындарына өрт шыққан кездегі алғашқы кезектегі әрекеттері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газдық құрылғыларының күтіп-ұстайға және пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін.

Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы алдында өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізіледі, айлық шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді. Жылыту маусымы басынан бері барлығы 52 000 адамды қамти отырып, 30 000 астам тұрғын секторы аулаларын аралады және 44 рейд жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М. Қайсанов жеке тұрғын секторда бірлескен рейд жүргізу бойынша ЖПҚ – мен жиналыс өткізілді.

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:

- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;

- жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалаңыз;

- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға  жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;

- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады;

- заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз;

- балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз.

 IMG_1102 IMG_1107 IMG_1129 IMG_1137 IMG_1145 IMG_1154 IMG-20190205-WA0052 IMG-20190205-WA0061 IMG-20190205-WA0070 IMG-20190205-WA0089

IMG_1160

IMG-20190205-WA0024 IMG-20190205-WA0027 IMG-20190205-WA0031 IMG-20190205-WA0050


Астана қаласы ТЖД Баспасөз қызметі


 
Система Orphus