Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде

PDF Баспаға жіберу

IMG_2534

Бүгін елордалық ТЖД қала әкімдігі мен БАҚ өкілдерімен бірлесе көшпелі брифинг өткізді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілген «Байқоңыр» ауданы аумағындағы учаскелерде аралау жұмыстары жүргізілді.  Аталған брифингтің спикері ретінде Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев сөз сөйледі.

Астана қаласы ТЖ департаменті халыққа арасында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 5000-нан астам жаднамалар мен ақпараттық парақшаларды тарата отырып, аулаларды аралау жұмыстары жүргізілген. Өрт сөндіру техникасының көмегімен су өткізгіш құбырларды булау жүргізілді, күн сайын қарды уақтылы жинау, арық-науалық желілерді тазалауға арналған инженерлік техниканы жұмылдыру үшін аудан әкімдіктеріне хабарлай отырып, су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіледі.

Жыл басынан бері келесі жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда 2 млн.704 мың.906 м3 қар шығарылды, бұған 642 бірлік көлік құралы жұмылдырылды. Әлеуметтік маңызы бар және тұрғын алаптарына (мектепке дейінгі, мектеп, медициналық мекемелері және ЖОО), сонымен қатар құрылыс алаңдарына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде қар көп жиналған жеке тұрғын үй секторлары мен тұрғын алаптарын тазартуға ерекше ден қойылуда. Сондай-ақ арық-арна жүйелерін тазарту жұмыстары (26050 м.п.) тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңда Астана қаласының қорғаныс құрылыстарында су қоры жоқ (ең жоғарғы жобалық сыйымдылығы – 450 млн).

12 наурыздағы жағдай бойынша Астана су қоймасының нақты көлемі 240,91 млн. м³ құрайды (қауіпті деңгейі – 410 млн м3). Соңғы тәулікте су мөлшері 0,4 млн.м3 құрады.

Департамент жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, қала аумағына су тасқынының алдын алу бойынша барлық қажетті жұмыстарды жүргізуде.

 IMG_2537 IMG_2547 IMG_2550 IMG_2562 IMG_2581 IMG_2583 IMG_2587

Астана қаласы ТЖД