Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Шомылу маусымында қауіпсіздік сақтау туралы брифинг

Шомылу маусымында қауіпсіздік сақтау туралы брифинг

PDF Баспаға жіберу

IMG_5369

30 мамырда Елордалық ТЖ департаменті БАҚ өкілдерін шақырумен жазғы кезеңде ТЖ алдын алу бойынша шығу брифингін өткізді. Спикер ретінде ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев және Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері азаматтық қорғау подполковнигі Э.Райымбеков сөзсөйледі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ы     жабдықталмаған және суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде, сонымен бірге ішімдік ішіп масаң күйде суға шомылу себебінен болады. Жағажайларда суға шомылу ережелерін ұмытпаған жөн. Жаздың ыстық күндері жағажайда 1000-ға жуық адам шомылады. Сондықтан қауіпсіз демалыс азаматтардың суда өзін-өзі ұстау тәртібіне және «Судағы жүріс-тұрыс қағидасын» орындауына байланысты болады.

Жыл сайын қаланың су айдындарында 12-ден 17 адамға дейін қаза болады, оның ішінде 3-і бала мен жасөспірім. Жалпы зардап шеккендердің   60-65%-ы  жас  адамдар (30 жасқа дейін), 20-25%  – балалар мен жасөспірімдер.  Өткен жылы суға шомылу кезеңінде 19 адам суға кеткен, оның 9-ы бала. 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде  4 адам қаза болды.

Шомылу маусымы 1 маусымнан басталады. Арнайы жабдықталған жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылар патрулі бар орындарда шомылған дұрыс. Дені сау, шыныққан адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың температурасы +18°С, ауа температурасы +22°С болу керек.  Осындай температурада денсаулығы әлсіз адамдар мен балаларға шомылу қауіпті болып келеді.

Іс-шара  барысында суға батып бара жатқан адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Жас құтқарушылар»  мен Орталық аэромобильдік авариялық-құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілім жасайды. Судағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су айдындарында рейд жүргізді. Рейд барысында демалушылар мен балықшыларға судағы қауіпсіздік қағидаларының бұзылуын болдырмауға қатысты профилактикалық жұмыс жүргізілді.


Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Қалтқы белгіден асып кетпеңіздер, мас күйде шомылуға болмайды. Естеріңізде болсын: суда болатын қайғылы жағдайлардың 80%-ы осы себептерден болады, су айдындарына жақын жерлерде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылмаңыздар және суға сүңгімеңіздер. Шомылуға арналмаған заттарды (автокөліктердің камералары, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелке) қолданбаңыздар. Таныс емес орындарда жалғыз суға шомылмаңыздар.

IMG_5345 IMG_5349 IMG_5354 IMG_5358 IMG_5364 IMG_5368  IMG_5374 IMG_5394 IMG_5399 IMG_5405 IMG_5412 IMG_5415

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus