Трагедияны ескертуге болады!

Баспаға жіберу

IMG-20190614-WA0006

«Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылу маусымы басталғаннан бері «Сарыарқа» ауданы су айдынында балалар өлімінің  алдын алу мақсатында жазғы уақытта судағы төтенше жағдайларды есерту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Басқарманың қызметкерлері күнделікті ауданның су айдындарында адам өлімінің алдын алу жұмыстарына қатысты 250 адамды қамти отырып, рейд жүргізді.


Ағымдағы жылдың 13 маусымында Басқарма қызметкерлері Астана радиосының эфирінде « Судағы қауіпсізді»  тақырыбы бойынша сұхбат берді, сұхбат  барысында судағы жүріс-тұрыс ережелері және суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Балаларды қараусыз қалдырмауға, ауа температурасының жоғарылауына ерекше ден қойылды, себебі  алдағы суға шомылу маусымында қала тұрғындары үшін қосымша қауіп төндіреді.

Статистика көрсеткендей, бүгінгі күні рұқсат етілмеген шомылу орындарында 4 адам қаза болды.

Біз өзіміздің және жақындарымыздың өмірі үшін жауаптымыз!


Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ