Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат «БАҚ біз туралы» Астаналық құтқарушылар Шоқынып суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Астаналық құтқарушылар Шоқынып суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

PDF Баспаға жіберу

IMG_0090

15 қаңтарда астанада Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, «Крещения Господня» мерекесіне орайластырылған көшпелі брифинг өткізді.

Жыл сайын бұл оқиға бұқаралық сипатқа ие болып, аталмыш мереке күні суға шомылуға келетіндердің саны артуда. Брифингке БАҚ өкілдері, Православиелік шіркеу дін қызметшілері шақырылды.


Егер сіз суға шомылу рәсіміне қатысуға бел бусаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз қажет:арнайы жабдықталған және күзетілген орындарда суға шомылыңыз, бұл орындарда қажет болған жағдайда сізге уақтылы білікті мамандар көмек көрсете алады. Бұл мақсатта қаламызда екі арнайы ағаш және темір торларды қолдана отырып, қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған су ойықтары («Градн Алатау» ТК ауданы және «Астаналық» саябақ жағалауы) жасалған. Адамдардың бұл рәсімді орындау кезінде суға батып кетпеуі үшін елордалық құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік атқарады.

Елорданың ТЖД қасиетті суға түсу  келесі топтарға, атап айтқанда:

  • балаларға;
  • бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
  • егде жастағы адамдарға;
  • денсаулығы нашар адамдарға;
  • мас күйдегі адамдарға қауіпті екендігін ескертеді.

Мұзойыққа кірерде, терең тыныс алып, деміңізді ұстаған күйде суға кіріңіз. Судан шығар жерде сізді біреу орамал және халатпен күтіп тұрғаны абзал. Мұзойыққа кірерде резеңке аяқ киім киюді ұмытпаңыз.

Мұзойыққа түсу  нұсқаушыларының бақылауымен жағалаудағы арнайы жабдықталған ойықтарда суға шомылу керек.

Суға шомылар алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру қажет.

Аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін, ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және оңай сырғитын аяқ киіммен бару керек.Ойыққа жету үшін ең дұрысы бәтеңке немесе жүн шұлықты қолданған жөн. Аяқты өткір тастар мен тұздан қорғайтын, сондай-ақ мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді  қолдануға болады. Есіңізде болсын, ойыққа баратын жол тайғақ болуы мүмкін. Ол жерден баяу және мұқият өтіңіз.

Суға түсуге арналған баспалдақтың берік бекітілгенін қадағалаңыз. Сақтану үшін тораптары бар берік қалың арқанның шетін жүзушілер оның көмегімен судан шыға алатындай түсіріңіз. Арқанның қарама-қарсы ұшы жағаға сенімді бекітілуі тиіс.

Ойыққа баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіруге болмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін.

Жалпы ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаңыз.

Егер балаңыз сізбен бірге болса, оны ойыққа шомылған кезде бақылаңыз. Қорқып қалған бала жүзе алатынын оңай ұмытуы мүмкін.

Тек сақтық шараларын мұқият сақтаған жағдайда ғана мұздай суға шомылу кезіндегі жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын аласыз.

«Крещения Господня» мерекесінің қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, жедел-құтқару жасағының Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады. Іс-шараға жеке құрамнан 46 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылады. Шара өтетін орында шомылуды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қосымша нұсқамалар көрсетілетінін елордалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері  подполковник Э.Райымбеков журналистерге айтып берді.

 IMG_0095 IMG_0099 IMG_0098 IMG_0100


Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы



 
Система Orphus