Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Іс-шаралар күнтізбесі Астаналық ТЖД бастығы бойжеткен қызды құтқарып қалған Елорда тұрғынына алғыс хат табыс етті

Астаналық ТЖД бастығы бойжеткен қызды құтқарып қалған Елорда тұрғынына алғыс хат табыс етті

PDF Баспаға жіберу

Тамыздың 29-ы күні елордалық ТЖ департаментінде Конституция күніне орай өткізілген салтанатты шарада ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаев елорда тұрғыны Р.Байтеленовке алғыс хат пен естелік сыйлығын табыс етті. Естеріңізге сала кетсек, 9 тамыз күні елорда тұрғыны Расул Байтеленов Есіл өзенінде батып бара жатқан бойжеткенді құтқарған. Өзінің құтқарушысына алғыс білдіретінін жазған бойжеткен оқиғанын мән-жайын баяндап Астана қаласы ТЖД бастығының атына хат жолдаған болатын.

Р.Байтеленовке алғыс хат табыстай отыра елордалық ТЖД бастығы оның батырлығы мен жоғары азаматтық позициясына алғыс білдіріп, Расул Байтеленовті Қорғаушы күніне орай марапатқа жолдайтынын айтты. Салтанатты іс-шараға республикалық БАҚ өкілдері де қатысты.

Жиын барысында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсанов мерекелік баяндама оқыды. «Сіздерді мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Конституция күнін тойлау жылдың негізгі қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі болып табылады. Бірнеше жылдар бойы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызмет етіп келеді. Астанамызда жыл сайын әлемдік деңгейдегі көптеген іс-шаралар мен салтанатты жиындар өтеді. Біз үшін, құтқарушылар үшін, мереке күндері жоқ, бір әрқашан жауынгерлік бекеттеміз. Құтқарушылар әрдайым күндегідей толық жауынгерлік дайындықта»,-деп атап өтті М.Қайсанов.

Астана құтқарушыларына қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және авариялық-құтқару жұмыстарында көрсеткен батылдықтары үшін Б.Дұзақбаев «Төтенше жағдайлардың алдын-алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальдерін және «ІІ дәрежелі Құтқарушы» төсбелгісін табыстады.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus