Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Іс-шаралар күнтізбесі Астаналық ТЖД-де Қазақстан полициясының күні мен Мемлекеттік қызметшілердің күніне орай салатанатты жиын өтті

Астаналық ТЖД-де Қазақстан полициясының күні мен Мемлекеттік қызметшілердің күніне орай салатанатты жиын өтті

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 23-і күні Астана қаласы ТЖ департаментінде Қарақстан полициясының күні мен Мемлекеттік қызметшілердің күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында құттықтау сөзімен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  бастығының м.а. азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсанов сөз сөйледі.

«Сіздерді азаматтарымыздың тыныштығын сақтайтын, қайратты және қайсарлы адамдардың мейрамы -  Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Барша полиция қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, рухани сергектік, қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстар тілеймін», - деп атап өтті Мейрамбек Советұлы құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ осы күні Қазақстанның әкімшілік мемлекеттік қызметшілері де өз кәсіби мерекелерін атап өткен еді. Бүгінгі күні Департамент қабырғасында 25 әкімшілік мемлекеттік қызметші еңбек етіп жатқындығын атап өтті. Олардың басым бөлігі өз істерін жақсы білетін мемлекеттің гүлденуіне үлесін қосып келе жатқан мамандар. «Мемлекеттік қызметке келген әр маманның қосқан қомақты үлесінің арқасында, кәсіби мамандар мен жоғары тұлғалық қасиеттерге ие адамдардың арқасында Қазақстанның кемелді гүлденуін байқауға болады», - деді М.Қайсанов.

Кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Амангельдинов астаналық гарнизонның жеке құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ҚР Ішкі істер министрінің Астана қаласы ТЖД қызметкерлерін марапаттау туралы мерекелік бұйрығының үзіндісін  оқыды.

Жыл сайын 23 маусым күні кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні немесе жәй ғана Полиция күні тойланады. 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. Ал 2007 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды  «Қазақстан полициясы күні» деп бекітті.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы