Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Іс-шаралар күнтізбесі Астаналық Департаментте БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Астаналық Департаментте БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

PDF Баспаға жіберу

Астаналық ТЖ департаментінде Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында БАҚ өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Астаналық ТЖ департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкерлері жергілікті және республикалық БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста. БАҚ-пен жақсы жұмыс істеу – жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелілігінің кепілі. Ал төтенше жағдайлардың алдын-алу мен болдырмауда жұмысында бұл аса маңызды.

Іс-шара барысында Астана қаласы ТЖД бастығы міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсанов бірқатар республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың маңыздылығын атап өтті.

ТЖ-дың алдын-алу мен жою саласында атқарған жемісті еңбектері үшін келесі БАҚ өкілдері марапатталды: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ақпараттық бағдарламалар дерекциясының продюсері  - Мақпал Сарбайқызы, «24 КZ» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің продюсері - Назым Дауталиқызы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының таңғы ақпараттық ойын-сауық бағдарламысының редакторы Ботакөз Советқызы, Астана радиосының Право знать бағдарламасының жүргізушісі  Ольга Асхожина, Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясының редакторы - Базарбай Ерісұлы, «Вечерняя Астан» газетінің редакторы Лариса Олеговна, белгілі блогер Самат Ысқақовты кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Өз кезектерінде, журналистер қауымы астаналық Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдері үшін ашық ведомствалардың бірі екендігін жеткізіп, мереке қарсаңындағы құттықтауларға алғыстарын білдірді.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus