Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Іс-шаралар күнтізбесі Астана қаласы ТЖД қызметкерлері ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

PDF Баспаға жіберу

5 мамыр күні  Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ардагерлердің үйіне құттықтауға барып, «Төтенше жағдайлар органы ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» АҚ АМФ Президиуымы атынан ақшалай қаражат табыс етті.

Кездесуге Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.К.Бекешов және Астана қаласы ТЖД кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкері А.Сүттібаева қатысты.

Бірінші болып Департамент қызметкерлері милиция майоры Бакишев Тукпатпен жүздесті. Ол 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Сібе ауылында дүниеге келген.   Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында артиллерия полкінің 21-ші гвардиялық девизиясында радиотелефоншы қызметінде өз борышын атқарған. Бакишев Тукпат бірнеше  медальдармен мараппатталған.

Және де тағы да бір соғыс ардагері  - ішкі қызмет майоры Заиченко Ивана Афанасьевичке де кіріп шықты.  Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысы Алексеевка ауданы Рамадан ауылында дүниеге келген.  1942 жылы Қызыл армия қатарына шақырылған болатын. Заиченко Иван Сталинград маңында, 169 - ату девизиясындағы зеңбірек батальонында  соғысқан.   1946-1956 жылдары ішкі қызмет органдарында қызмет атқарған.

Соңғы жұмыс атқарған лауазымы- Целиноград облыстық бөлімшесінің өрт сөндіру күзетінде қызмет атқарған.   Иван Афанасьевич Ұлы соғысының төс белгілерімен және «Сталингардты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Жеңіс күні   бұл -  елімізді біріктіретін, бірлікке шақыратын және де жас ұрпақтарды патриоттық сезімге тәрбиелейтін мереке.   Астана қаласы ТЖД қызметкерлері  болашақ ұрпаққа бейбіт өмір силаған, осы үшін өз өмірлерін қиған маңызды күндер мен ардагерлерді мәңгі естерінен шығармайды.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus