Басшылық Астана ҚАЛАСЫНЫҢ Төтенше жағдайлар департаменті Ресми сайты
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Департамент Департамент туралы Департаменттің аппараты Басшылық

Басшылық

Басшылық

PDF Баспаға жіберу

Дұзақбаев Барат Оспанұлы - Астана қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы.

Азаматтық қорғау полковнигі Дұзақбаев Барат Оспанұлы 1965 жылы  5 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген. Тағайындауға дейін Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Дұзақбаев Барат Оспанұлы азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2001 жылдан бастап жұмыс істейді.  Ол әр-түрлі лауазымдарда қызмет еткен, еңбек жолын өрт сөндіру бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған.

Ресей ТЖ министрлігінің Санкт-Петербург Мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмамдаған.

Департамент бастығының орынбасары лауазымындаМемлекеттік өрт бақылау басқармасының, аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының мемлекеттік өрт бақылау бөлімшелерінің, Астана қ. ТЖД «ӨСҚ және АҚЖ» ММ жұмысына жетекшілік етті.

Марапаттары: төс белгі – ІІ, ІІІ-ші дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайларының алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Отбасы жағдайы: үйленген, 2 баласы бар.

Азаматтық қорғау полковнигі Қайсанов Мейрамбек Советұлы – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Туған күні: 01.05.1966г.

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Жылтау ауылы.

Білімі: Жоғары. Алматы сәулет-құрылыс институты.

Еңбек қызметі:

Шығыс Қазақстан облысы ІІБ МӨҚБ №39 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ Өскемен қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі 1-ші жасағының инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ Өскемен қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі 1-ші жасағының бас маманы,   Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ ММ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ ММ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының   өртке қарсы нормалау заңнамасы мен лецензиялау бөлімінің бастығы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының   техникалық нормалау және лицензиялау бөлімінің бастығы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының  бас инспекторы, ҚР ТЖМ ӨҚК Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өрт бақылау және тергеу басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын-алу қызметі басқармасының бастығы, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Марапаттары: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған; «Өртке  қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ және I дәрежелі медалдерімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»; ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы: үйленген, қызы бар.

Полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы

Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Дружба елді мекенінде дүниеге келген.

1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Мамандықтары: «өндірістік және азаматтық құрылыс», «өрт қауіпсіздігі».

Үйленген, 4 баланы тәрбиелеуде.

Полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы азаматтық қорғау органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметін атқарған еді. М.Аманбаев азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу сұрақтарын қарастырады.

Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы кызмет органдарындагы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.


 


Система Orphus