Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Астаналық Департаментте «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының мәжілісі өтті

PDF Баспаға жіберу

6 желтоқсан күні ҚР ТЖМ аппарат басшысы С.К. Оқасовтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының мәжілісі өтті.

Төралқа жұмысына Төралқа мүшелері - Келден Есенұлы Әбдірахманов, Қадырлы Бөкішұлы Тоқсарин,  Азгар Динмухамедович Мухаметшин, Николай Павлович Поздин, Сапарғали Асылбекұлы Асылбеков, Әбдірахман Көжекұлы Бекешев, Мұқатай Смағұлұлы Есентаев қатысты.

Толығырақ...

 

Астанылық құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

PDF Баспаға жіберу

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару» ММ-нің қызметкерлері Балалар үйіне бас сұқты. Балалармен кездесуге Астана қаласы ТЖ Департаментінің қызметкері, Елбасының қолынан лейтенанттық шен алған ҚР ТЖМ КТИ-ның түлегі Хамит Нұржан да барған болатын. Кездесу барысында ол балаларға оқу жайында айтып, естелік фотоларды көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ...

 

Астаналық №16 МӨСБ-де жаңа авариялық-құтқару құрылғысын таныстырды

PDF Баспаға жіберу

Желтоқсанның 5-і күні №16 МӨСБ-де ресейде шығарылған жаңа авариялық-құтқару құрылғысын таныстырды.

Аталмыш іс-шара барысында, құрастырушылар бейне-көрсету көмегімен гидравликалық құрылғылардың практикалық қолданылулары көрсетілді.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД-де сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өтті

PDF Баспаға жіберу

Желтоқсанның 5-і күні Астана қаласы ТЖ Департаментінде «Мемлекеттік органдар мен жеке қаржы құрылымдарымен сот актілерінің, әкімішілк құқық бұзушылық қаулыларының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан мемлекеттік органдардың қатарында, Сот актілерін орындау департаменті, Мамандандырылған ауданаралық сот, Әлеуметтік есеп және құқықтық статистика комитеті басқармасының, Прокуратура мен Әділет департаментінің  өкілдері болды.

Толығырақ...

 

Қымбатты әріптестер!

PDF Баспаға жіберу

Тұңғыш Президент күні – әрбір қазақстандық үшін маңызды, әрі елеулі мереке болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарқын тұлғасы келер, өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып табылады. Елбасы жас мемлекетті халықаралық деңгейге шығарып, сырқы саяси аренадағы беделді орынға алып келген. Елі үшін аянбай еңбек етіп, халқына адал қызмет етіп жатқан жарқын тұлғаны қазақстандықтар Ұлт көшбасшысы етті.

Тұңғыш Президент күні әр қазақстандық үшін әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты біріктіреді. Еліміз үшін осынау маңызды мерекемен құттықтай келе, Сіздерге еңбектеріңізде жеміс, бақыт пен шаттық тілеймін!

 

Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы

Генерал-майор М.Қ.Ысқақов


 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus