Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

«Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» атынан алғыс хат табыс етілді

PDF Баспаға жіберу

Желтоқсанның 8-і күні Астана қаласы ТЖД-нің апараттық кеңесі барысында Департамент басшысы генерал-майор М.Қ.Ысқақовқа «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚО-нің атынан алғыс хат табыс етілді.

Ауған соғысының ардагерлерін қолдау және жұмыстарға ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әскери-патриоттық және салауатты өмір салтын қолдау бойынша  іс-шараларға белсене қатысып, Ауған соғысының ардагері, ішкі істер органдарының қызметкері Жирентаев Жанайдар Асқарбекұлын еске алуға бағытталған жұмыстардың белсенділігі аталмыш хаттың жазылуына себепші болған еді.

Одақ төрағасы С.М.Кенжебков Мейрам Қабденұлына денсаулық, еңбегінде табыс және отбасына береке тіледі.

Толығырақ...

 

Донор күні

PDF Баспаға жіберу

4-5 желтоқсан күндері Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ   «Қан орталығымен» бірігіп «Донор күні» акциясын өткізді. «Қан орталығы» қызметкерлері №5 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде жедел қан тапсыру бекетін ашты. Акция барысындағы 2 күн ішінде жалпы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін пайдаланылатын шамамен 7,5 литр қан тапсырылды.

«Өрт сөндіру қызметінің мамандары өз күштерін аямай, өздерінің жоғарғы азаматтық міндеттерін орындап, көптеген-көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға және көмек көрсетуге деген құлшынысын көрсетіп, мақсатты түрде акцияға қатысты» деп «Қан орталығының» қызметкерлері атап өтті. Біз адамдарды жақсы істер жасауға уәждеуіміз керек, ол донор болу – көмекке мұқтаж адамдар үшін бірден бір қажетті және маңызды іс.

Толығырақ...

 

Астаналық ТЖД-нің қызметкерлері жаңа жылдық іс-шаралар кезіндегі қауіпсіздік жайында айтты

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖ департаментінің «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқырмасының қызметкерлері, жаңа жылдық іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында республикалық телеарналардың қатысумен алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шралардың барысында жаңа жылдық шыршаларды орнатудың ережелері жайында айтылып, оларды қолдану кезіндегі сақтауға қажетті бірқатар өртке қарсы талаптар баяндалды.

Сонымен қатар, жаңа жылдық шыршаларға қойылатын қауіпсіздік шарттарынан бөлек, тұрғындарға  мереке қарсаңында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі жайында ескертулер айтылды.

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 

Астаналық Суда-құтқару қызметінің жеке құрамы елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауымен танысты

PDF Баспаға жіберу

Желтоқсанның 3-і күні Астана қаласы ТЖД Суда-құтқару қызметінің жеке құрамы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен танысты. Жолдаудың мәтінін қызметкерлерге Суда-құтқару қызметінің бастығы Е.З.Әлібеков таныстырды.

Өз сөзінде, Ермек Зарапұлы Жаңа экономикалық саясатқа сәйкес, мемлекет экономикасының әр-түрлы салаларында даму күтілуде екендігін атап өтті. «Бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың тұрмысын көтереді. Сонымен қатар, алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінде көптеген туристердің келуі күтілуде. Бұл өз кезегінде құтқарушылардың жақсы дайындығын талап етеді. Себебі құтқарушылардың мүлтіксіз жұмыстарымен қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігі байланысты», - деп атап өтті СҚҚ-нің бастығы.

Қызметкерлер Жолдаудың тармақтарын талқылауға белсенді қатысып, оның уақытылығы мен маңызы жайында айтты.

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 

Астаналық ТЖД қызметкерлері интерактивтік сабақ өткізді

PDF Баспаға жіберу

Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық құралдарды қолдану,  балалардың отпен ойнауы кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болатын өрттерді және адамдардың өрттен қаза болуын, материалдық шығынды азайтуды алдын-алу мақсатында Өрт қауіпсіздік саласында бақылау және алдын-алу басқармасының қызметкерлері   Ж.О.Күселбаев пен М.Н.Мадыбековтың қатысуымен Астана қаласының орта мектептерінде   интерактивті сабақ өткізілді.

Сабақта мереке кездерінде, жаңа жыл іс-шараларын өткізу кезінде өрт қауіпсіздк шараларын сақтау, және де пиротехникалық құралдарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталу жөнінде ескертті.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus