Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Астаналық құтқарушылар Республикалық өрт-құтқару спорты бойынша чемпионатқа дайындық үстінде

PDF Баспаға жіберу

Елордалық құтқарушылар Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионатына қызу дайындалуда. Аталмыш спорттық дода тамыздың 9-13 аралығында Талдықорған қаласында ұйымдастырылады. Бүгінгі күні спортшылар күніне екі рет Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №5 МӨСБ негізіндегі спорт кешенінде жаттығуда.

Айта кетейік, маусымның 2-3 аралығында өрт-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионатқа қатысушыларды жинау мақсатында іріктеу жарыстары өткен болатын.

Астана қаласы ТЖД-нің құрама командасына горнизонның келесідей қызметкерлері кіреді: халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлеріне үміткерлер мен рязряды жоқ спортшылар. Сонымен қатар, астаналық горнизонда ұлттық жастар командасы мен ұлттық әйелдер командасының құрамаларына енетін спортшылар да қызмет етеді.

Толығырақ...

 

Астана базарында өрт қауіпсіздігі бойынша жиналыс өтті

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 9-ы күні Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп, «Эталон» құрылыс базарына бас сұқты. Адам қазасы мен  өрттердің алдын алу мақсатында «Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өтті. Халықты осы тақырып аясында кеңінен ақпараттандыру мақсатында, жиналысқа республикалық БАҚ өкілдері де шақырылды.

Басқарма қызметкерлері әр түрлі нысандарда, сорнымен қатар сауда орындарында да өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды әрдайым жүргізеді. Осы сынды іс-шаралар базар аумағында сауда жасайтын кәсіпкерлердің   жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді. Пайданы көздеген саудагерлер, қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарайтын жағдайлар да кездеседі.

Толығырақ...

 

Астананың «Жасыл аймағындағы» шартты өрт жойылды

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 5-і Астана қаласының «Жасыл аймағында» ТЖ департаментінің қызметкерлері өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығу барысында «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің күшімен жүздеген гектарды шарпуға қауіп төндірген шартты өрт ауыздықталды. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша, сөндірілмеген сіріңке салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған, өрт өршіп, орман жаққа қарай бет ала бастайды. Шақырту орнына Өрт сөндірудің кезекші бөлімі жеткізіледі.

Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның К-32 А1 тікұшағы қатысты. Тікұшақтың мақсатына шартты өртті сөндіру үшін өрт сөндірудің тік жүйесі арқылы 2 рет су құйуды іске асыру (дала және орман өртінің аумағы) жатты. Шартты өрт жарты сағаттық жедел жұмыстың арқасында жойылды. Оқу-жаттығу орнында сонымен қатар, «Жасыл Аймақ» РММ, «Зеленстрой» АҚ, «Астана Су Арнасы» МҚМ өзара әрекеттесу қызметтері жұмыс істеді.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-гі бос қызметтік орындар конкурсының нәтижесі

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 9-ы күні Астана қаласы ТЖД  «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадрлық жұмыс бөлімінің қызметкерлері , бос қызметтік орындарға белгіленген конкурстың нәтижелері бойынша жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданған мамандардың бұйрығын оқыды.

Бұл жұмыстар, ҚР ТЖ Министрімен бекітілген бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарындағы конкурс пен сынақ мерзімінен өту Ережелері шеңберінде  ұйымдастырылды. Конкурс нәтижелері бойынша, 29 өрт сөндіруші, өрт сөндіру көліктерінің 20 жүргізушісі мен өрт сөндіру бөлімінің 1 радиотелефоншысы қабылданды.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 

Астаналық оқушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясының аясында құтқарушылардың жұмысымен танысты

PDF Баспаға жіберу

Жазғы демалыс басталғалы, мектеп жанындағы лагерлер  жұмыс істей бастады. Осыған байланысты, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы  «Қауіпсіз демалыс» атты акциясы аясында мүмкін болатын төтенше жағдайлар кезінде балалардың жарақат алуын алдын-алу және әрекет ету тәртібін насихаттауды меңзейтін іс-шаралар кешенін атқару үстінде.

Атқарылып жатқан жұмыстың бір кезеңі болып, қалалық № 4 мектеп оқушыларына Астана қ. ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ өткізілген экскурсияны атап өтуге болады.

Оның аясында оқушылар Астана қаласы ТЖД  өртке қарсы қызмет органдарының және суда құтқару қызметінің жұмысымен танысып, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік туралы сұрақтар пысықталды. Өз шеберліктерін өрт сөндірушілер оқу-жаттығу мұнарасының терезесіне шығып көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар Департаменттің мұражайын да аралады.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus