Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Астанада теміржол көліктеріндегі өрттерді сөндіру бойынша жаттығулар өтті

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 4-і күні астаналық құтқарушылар теміржол көліктерінде қауіпті жүкті тасымалдаған кезде орын алған төтенше жағдайды жоюға байланысты ұйымдастырылған арнайы тактикалық жаттығуға қатысты. Жаттығу барысында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлерінің «Қазакстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу бойынша жаттығулар нақышталды.

Жоспар бойынша, маневрлік жұмыстардың барысында цистерна мен қауіпті жүктің (аммиак) соқтығысуы орын алып, жаңар жағармайдың ағуы орын алған. Тез тоқтаудың салдарынан ұшқын шығып, жаңар жағар майы бар цистернадан өрт шыққан. Өрттің басқа вагондарға ауысу және аммиактың ағу қауіпі туындайды. 40 минуттан кейін шартты өрт жойылып, ауыздықталады.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар маңызды мәселелермен республикалық БАҚ бағдарламаларына қатысуда

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 4-і күні Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Мұрат Мадыбеков «Астана» радиосының «Арнайы қонақ» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама тақырыбы өрт қауіпті кезеңге арналған болатын. Сұхбат барысында маман, Департаменттің инспекторлық құрамы қолға алған өрттердің алдын-алу бойынша іс-шаралар жайында айтты. М.Мадыбеков, өрт қауіпті кезеңнің басталғанына байланысты, бұл өрттердің орын алуларының негізгі себептері мен олардың салдарына тоқталды. Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындарына, табиғат аясына шыққан кезде сақтау қажетті әрекеттер жайында баян етті.

Толығырақ...

 

Астананың жас құтқарушылары «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиын-семинарынан келді

PDF Баспаға жіберу

«Қазқұтқару-2014» 19-шы халықаралық жиын-семинарынан астаналық жас құтқарушылар келді. Айта кетейік, қалалық «Жас құтқарушы» сайыстарының қорытындысы бойынша, бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-нің тәрбиеленушілері иеленіп, аталмыш ірі халықаралық іс-шараға Елорда атынан қатысқан болатын.

Өз кезегінде, астаналық қонақтарға Алматы қаласы ТЖД-нің қызметкерлері  бірнеше мәдени іс-шара ұйымдастырған болатын. Балаларды қорғаудың халықаралық күні олар Алматы қаласы бойынша қызықты саяхат жасап, қаланың керемет жайларымен танысты. Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында, Халқаралық жиынтық шаңғы трамплиніне, республикадағы өзгеше бірегей хайуанаттар бағына, «Теңіз аквариум» павильонында болды.

Толығырақ...

 

Астанада өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар өтті

PDF Баспаға жіберу

Маусымның 2-3 аралығында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің «Құлагер» спорт кешенінде өрт-құтқару спорты бойынша гарнизондық Чемпионат өтті. 4 спорт түрі боынша өткен іс-шараға 11 қалалық бөлімше қатысқан болатын. Негізгі жарыстар: оқу мұнарасының 4 қабатына баспалдақпен міну, 4х100 өрт эстафетасына міну, жүз метрлік кедергілері бар жол мен қанат жаю. Жарыстар 1-13 тамыз аралығында Талтықоран қаласында өтетін Республикалық сайыстарға іріктеу жасау мақсатында өткізілген еді. Олардың қорытындысы бойынша, бірінші орынды №9 ӨСБ құрамасы, екінші орынды №8 ӨСБ, үшінші орынды №6 ӨСБ-нің құрамасы еншіледі.

Толығырақ...

 

Астаналық Департамент қызметкерлерінің балалары суреттер байқауына қатысты

PDF Баспаға жіберу

Балаларды қорғаудың Халықаралық күні қарсаңында, Астана қаласының №16 МӨСБ-нің негізінде «Менің Отаным-Қазақстан» атты асфальттағы суреттер байқауы өтті. Іс-шара балалардың бойында патриоттық рухты көтеру, елін мақтан тұту мақсатында ұйымдастырылды. Конкурсқа қызметкерлердің 68 баласы қатысты. Негізгі іс-шаралар басталмас бұрын, №16 МӨСБ-нің бастығы А.Бескровный өрт сөндіру бөлімінің аумағында кішігірім экскурсия жасап, балғындарға астаналық гарнизонның тынысы-тіршілігі жайында баяндады.

Құттықтау сөздерін Департамент бастығының орынбасары Б.О.Дұзақбаев пен Әйелдер кеңесінің төрағасы Г.О.Төлеубаева жолдады.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus