Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Құтқарушылар күні қарсаңында астаналық ТЖД-де жарыстар өтті

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖ департаментінде Құтқарушылар күні қарсаңында гарнизонның өрт сөндіру бөлімдері қатысқан өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыстарға барлығы 11 құрама қатысты. Екі негізгі бағыт бойынша өткен жарыстарда қатысушылар шабуыл баспалдағымен көтерілу және кедергілері бар 100 метрлік аралықты бағындыру. Ортақ командалық есепте орындар келесі түрде белгіленді: 1 орын – 16-МӨСБ, екінші орын – 9-ӨСБ, үшінші орын – 5-МӨСБ-нің құтқарушылары еншіледі. Астаналық құтқарушылар екі сайыстан да жақсы нәтижелер көрсете білді.

Толығырақ...

 

Полковник И. Күлшімбаев: «Қазақстанның бірлігі – көпұлтты халықтың бірлігі»

PDF Баспаға жіберу

«Қазақстанның тәуелсіздік алуымен Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев «Әралуандықтағы бірлік» нақты қағидатын айтқан болатын. Ол өз кезегінде халықтардың ерекшелігін, барлық қызығушылықтардың үйлесуін, ұлттық қатыстылығына қарамастан азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті астаналық ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник И.Күлшімбаев «Strategy - 2050» Ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.

«Қазақстанның бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын. Менің арманым, ойым – Қазақстан­ның мәңгілік болуы», - деп Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ұлытау төріндегі толғаныс» сұхбатында атап өткен болатын.

Басқа мемлекеттердің алдындағы Қазақстанның басты ерекшелігі мемлекеттің көпұлттылығы, әр-түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген толеранттылығы, тұрақтылық пен бейбітшіл саясат.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД-нің қызметкерлері елордалық оқушылармен интерактивті сабақ өткізді

PDF Баспаға жіберу

Қазанның 8-і күні балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру және балалардың салғырттықтары салдарынан орын алатын өрт оқиғаларын болдырмау мақсатында астаналық Департаменттің қызметкерлері қалалық Білім басқармасымен бірлесе интерактивті сабақ өткізді.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инспекторы өртке қарсы қызмет капитаны Ж.О.Күселбаев пен Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы А.Қ.Қанапина астаналық оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері жайында және өрт орын алған кездегі қажетті іс-әрекеттер жайында айтып берді. Интерактивті сабаққа қаланың 30 мектебінің 5-8 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптағы 25 оқушы сабақты мұқият тыңдады.

Толығырақ...

 

Елордалық гарнизонда жеке құрамның қыс мезгіліне дайындығы бойынша саптық байқау өтті

PDF Баспаға жіберу

Қазанның 9-ы мен 10-ы аралығында Астана қаласы ТЖД-де өрт сөндіру бөлімшелерінің, жасақтың және Өрт сөндіру басқармасы аппаратының жеке құрамын қыс мезгіліне дайындығы бойынша саптық байқауы өтті.

Толығырақ...

 

Астана қaласы ТЖ Департаменті 2014 жылдың III тоқсанын қорытындылады

PDF Баспаға жіберу

Қазанның 3-і күні Астана қаласы ТЖД-нің бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақовтың төрағалық етуімен 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс бойынша қорытынды кеңес өтті.

9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник И.Д. Күлшімбаев баяндамасын оқыды.

Бұдан басқа, Департаменттің бөлім және басқарма бастықтары қызметтері жайлы  қорытынды баяндамаларымен шығып сөйледі.

2014 жылдың тоғыз айында Астана қаласы бойынша  212 төтенше жағдай  тіркеліп отыр.   Бұл төтенше жағдайдан 258 адам зардап шекті. 2014 жылы Астана қаласы ТЖ комиссиясының 6 отырысы өтті.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus