Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Еліміздің заңдарын сақтауда қоғам мүшелерін «Нөлдік төзімділікке» тәрбиелеудің маңыздылығы

PDF Баспаға жіберу

Қандай да тәртіп бұзушылық болмасын, оны жасаған адам, оған итермелеген факторлар болады. Бірі заңды абайсыздықпен бұзса, басқасы «ойыма келгенімді жасаймын» деп бірнеше заңды белшесінен басып, кінәсін мойындамай жататыны бар. Бұл орайда, «адам теріс қылықты не себепті жасады?», «Бұл әрекеттердің психологиялық астары неде?»,  деген сынды сауалдар туындайды. Қалай дегенмен, миллиондаған азаматтары бар елде сан алуан тәрбие, білім алып, әрқалай дамыған адамдар тұрады. Ал, оғаш әрекеттерімен қоғамға қауіп төндіріп жүрген азаматтармен күресуді қалай жүргізбекпіз? деген сауал да орынды. Әрине, бұл ретте қолданыстағы заңдарды күшейту – тығырыққа тіреген мәселенің бір шешімі болмақ.

Толығырақ...

 

Астаналық Департамент мамандары профориентациялық жұмыстарды бастады

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 23-і күні ТЖ Департаментінің мамандары құтқарушыларды дайындайтын жоғары оқу орны жайында насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруда. Астана қаласының №14 және №15 мектептеріне бас сұққан қызметкерлер, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты жайында 200 шақты келешек түлекті кеңінен ақпараттандырды. Имидждік бейнероликтер көрсеткен мамандар, Институттің мүмкіндіктері мен болашақ жоспарлары жайында баяндап берді.  Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби мамандарды даярлап, өрт қауіпсіздігі бакалавры ғылыми дәрежесін береді.

Толығырақ...

 

Аймақтық ТЖД басшылары Елорданың мәдени ошақтарына бас сұқты

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 30-ы күні аймақтық ТЖД басшылары Астананың бірқатар мәдени ошақтарына бас сұқты. Елорда қонақтары алдымен «Астана - Опера» театырына ат басын тіреген еді. Департамент басшылары театрдың тарихы жайында біліп, ең әсем Үлкен залды тамашалады. «Астана - Опера» мемлекеттік опера және балет театры ҚР Президентініің бастамасымен 2012 жылы ашылған болатын. Өзінің архитектуралық ерекшелігі мен акустикалық және басқа да орасан үлкен мүмкіндіктерінің арқасында, бұл теар дүниежүзіндегі ең үздік театрлардың қатарында. Театрға келушілер, ғимараттың іші сирек кездесетін ағаш пен ақ мәрмәрмен безендендірілгенін ерекше атап өтті.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖ Департаментінде пластикалық терезелерді орнатудағы қауіпсіздік ережелері талқыланды

PDF Баспаға жіберу

«Қаланың көп қабатты үйлерінде пластикалық терезелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету» көкейкесті мәселесі, қаңтардың 29-ы күні Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлерінің республикалық БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастыруларына түрткі болды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, Астана қаласында балалардың биіктен құлауы бойынша 10 оқиға тіркелген. Оқиға салдарынан 2 бала көз жұмған.   Жазатайым оқиғалар көбінесе ата-аналарының қарауынсыз қалған, 3 -5 жас аралығындағы балалармен жиі болатындығы анықталып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйінсек, қайғылы жайттардың басым бөлігі  жаңа пластикалық терезелердің москит торларының осал болуы мен ата-аналардың салғырттықтары салдарынан орын алады.

Мәселелерді талқылау мақсатында аудан Әкімшілігі, прокуратура, ІІД, Білім Басқармасы өкілдері мен пластикалық терезелерді өндіруші фирмалардың өкілдері шақырылды.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар шартты өртті ауыздықтады

PDF Баспаға жіберу

Қаңтардың 23-і күні Астана қаласы ТЖ Департаментінің құтқарушылары «Қырықыншы» станциясында орын алған шартты өртті ауыздықтады. Жарылу қауіпі бар нысандарда құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары «Астана Газ Сервис» АҚ-да өтті. Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес, газ баллондарын толтыру кезінде газдың таралуы салдарынан цехта өрт шыққан. Жанғыш конструкция бойымен таралған өрттің газ цистерналарына таралу қауіпі болды. 45 минуттан соң өрт жойылды. Оқу-жаттығулардың басты мақсаттарының бірі болған өртке қарсы қызмет бөлімдері мен қызмет көрсету мамандарының өзара әрекеттесуін нақыштау, өртті тез арада жою жұмыстарына оң баға берілді. Бұдан бөлек, өрт сөндіру басшылары мен қала қызметтерінің өртті ауыздықтауда әрекеттесу жұмыстары ұшталды.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus