Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Елордалық құтқарушылардың республикалық маңызды нысандағы оқу-жаттығулары

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 20-ы күні Астана қаласы ТЖ департаментінің мамандары «Astana Solar» ЖШС-нің фотоэлектрикалық модульдер зауытында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Аталмыш зауыт республикалық маңызды нысан болғандықтан, бұл оқу-жаттығулар аса маңызды. Соынмен қатар, «Astana Solar» зауыты «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың бірі. Жаттығулар барысына «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №16 МӨСБ екі техника бірлігі мен «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің бір техника бірлігі жұмылдырылды. Көзделген басты мақсат – өрт орын алған жағдайда нысанның қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет мамандары арасында өзара әрекеттесуді нақыштау болып табылады.

Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғары отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындалуда

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 28-29 аралығында Астана қаласында Еуразиялық экономикалық кеңестің Жоғарғы Отырысы өтеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – бұл Ортақ экономикалық кеңістік пен Кедендік одақтың жоғары ұлттық органы болып табылады. Кеңеске мемлекет басшылары мен үкімет басшылары кіреді. Жоғары кеңес жылына бір реттен кем емес мемлекет басшылары деңгейінде жиналады.

Толығырақ...

 

Суға шомылу кезеңіне қарсы брифинг өткізілді

PDF Баспаға жіберу

21 мамарыда Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді. Жаз  белсенді демалыс маусымы: балық, аң аулау, судың жанында табиғат аясында немесе жағажайда демалу. Суға кетумен байланысты қайғылы жағдайлардың басым бөлігі де жазда орын алады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер.

Шомылу кезеңі  1 маусымда басталатынына қарамастан жастар суға түсуге құштар. Олар көп жағдайда шомылатын жерге көңіл аудармайды. Ең бастысы арнайы жабдықталған суға түсу орындарын таңдау керек: жағажайлар, бассейіндер мен құтқарушылар патрульдік жасайтын орындар. Зардап шеккендердің жалпы санының 70-75% 30 жасқа дейінгілер, ал 20-30% балалар мен жасөспірімдер. Суда құтқару қызметінің орынбасары Бастықтың орынбасары.

Толығырақ...

 

«KADEX-2014» көрмесіне елордалық өрт сөндіру техникасы қатысуда

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 22-і мен 25-і аралығында Астана қаласында «KADEX-2014» әскери-техникалық мүлік және құралдардың ІІІ Халықаралық көрмесі өтуде. Аталмыш көрме 2010 жылдан бастап екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Көрме тақырыбы – әскери-теңіз күштері мен құрлық әскерлерінің құралдары мен әскери техникасы, авиация және авиациялық құралдар, әуеге қарсы қорғаныс құралдары мен жүйесі, арнайы мақсаттағы мүлік пен құралдар жатады. Бұл көрмені ұйымдастыру – мемлекеттің әскери саясатының маңызды бөлігін біріңғай әскери-техникалық саясатты, қарулы күштердің әскери, арнайы техника мен мүлікпен қамтылғанын көрсетуге көмектеседі.

Толығырақ...

 

Астаналық өрт сөндіру техникасы көрмеге қатысты

PDF Баспаға жіберу

20 мамырда Астанада «Отан қорғаушылар » алаңында Қарулы күштерінің қатарына шұғыл әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтарды шығарып салу салтанатты іс-шарасы  және «Астана жастары, әскер-біртұтас» атты әскери-патриоттық акциясы өтті.  Іс-шара аясында дөңгелекті әскери техника, атыс-қару жарақтары, әскери киім үлгілерінің көрмесі өтті.   Тағы да іс-шараға әскерге дейінгі және әскер жасындағы 3000 астам бозбалалар қатысты, әскерге шақырылған жастардың саны-150 адамды құрады.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus