Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Жас құтқарушылар «КазСпас-2014» Халықаралық жарыстарына дайындық үстінде

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 13-і күні Астана қаласы ТЖ департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, «жас құтқарушылар жасағы» қалалық жарыстарында жеңіс тұғырынан көрінген  Астана қаласының Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақыртылды. Оқушылар, жарыстардың жеңімпаздары ретінде мамыр айының соңында Алматы облысында өтетін «КазСпас-2014» халықаралық жарыстарына қонақ ретінде шақыртылды.

Толығырақ...

 

ОБЪЯВЛЕНИЕ !!! для участников конкурса допущенных к собеседованию

PDF Баспаға жіберу

Собеседование будет проходить в здании ГУ «СП и АСР» ДЧС г. Астана по адресу: проспект Богенбай батыра, 4 – 14, 15, 16, 19, 20 мая в 10:00 часов согласно прилагаемого списка.

При себе иметь удостоверение личности, военный билет и трудовую книжку!

Толығырақ...

 

Елордада көпқабатты үйлердегі өрттердің алдын-алу мақсатында үй-үйлерді аралау жүзеге асырылуда

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 11-і күні Астана қаласы ТЖД-нің «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік-инспекторлық құрамының бастамасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қолға алынды.  Іс-шара барысында қабаттылығы жоғары үйлерден эвакуацияланудың үлгілік жоспары көрсетілген парақшалар ілінді. Аталмыш жұмыстардың басты міндеті – тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізу және насихаттау. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көпқабатты тұрғын үйлерден адамдарды құтқару, алып шығу жұмыстары көп уақытты қажет етеді. Бұл өз кезегінде, адам қазасы мен түрлі жарақаттарға алып келуі әбден ықтимал. Осындай үйлердің әр тұрғыны аз уақытта қауіпсіз жерге шығудың қысқа жолын білуі шарт. Дәл осындай қарапайым сақтық шаралары адам өмірін сақталуының себепшісі болуы мүмкін.

Толығырақ...

 

Астаналық мектеп-лицейінде оқу-жаттығулар өтті

PDF Баспаға жіберу

Мамырдың 12-і күні Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастырылуымен «№54 мектеп-лицейі» ММ-де өрт орын алған жағдайдағы нысандық оқу-жаттығуды ұйымдастырды.

Жоспар бойынша, мектептің үшініші қабатында шартты өрт орын алған.

Өрт дабылы пультіне өрт жайында дабылды қабылдаған соң, оқу орнының әкімшілігі өрт қауіпсіздігі бойынша нысандық нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеуді бастайды. Өртке қарсы қызметпен хабарласып, мектеп оқушылары мен қызметкерлерге қауіпсіз жерге көшуге нұсқау береді. Мектеп ғимаратынан 1246 адам қауіпсіз жерге көшірілген, дегенмен үшінші қабатта 1 көмек сұраған 1 қызметкер қалып қойған.

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен адамды құтқарған. 2 техника күшімен өрт ауыздықталып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген болатын.

Толығырақ...

 

Жаздың әкелетін әлегі

PDF Баспаға жіберу

Қымбатты Астана қаласының тұрғындары! Астана қаласы ТЖ Департаменті хабарлайды: өрт қауіпті кезең басталды! Дала өрттерінің жиі орын алып жатқандығын көруге де болады.

Өрттердің басым бөлігі адамдардың абайсыздығынан, сөндірілмеген өрт ошақтарының салдарынан пайда болады. Жауапсыз көлік жүргізушілері, сөндірілмеген темекіні терезеден лақтырып, салдарынан жолдың жиегіндегі құрғақ шөптер жана бастайды. Өрт шарпыған аумақ мыңдаған гектарға да жетуі мүмкін. Табиғат аясында демалушылар өздері жаққан алауды өшірмей кетуі, бос шыны бөтелкенің күн сәулесімен шағылысуы да өрттің пайда болуына алып келуі мүмкін. Нәтижесінде, жылан іспеттес қимылдаған өрт сайын даланың кең алқабын шарпып кетеді. 2013 жылдың жаз мезгілінде 7 гектардан астам құрғақ жер жанғанболатын.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus