Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Астаналық ТЖ қызметкерлері жасыл желектегі өрттің алдын-алу сұрақтарын талқылады

PDF Баспаға жіберу

Сәуірдің 16-ы күні «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Астана қаласының маңайындағы жасыл желектегі өрттің алдын-алу сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұдан бөлек, кеуіп қалған шөптерді шауып тастау, саяжай аймақтарындағы, саяжайшфлар одақтарындағы және «Есіл» ауданына қарасты мекемелердің айумағындағы қамыстарды шабу сұрақтары қарастырылды. Дөңгелек үстелге «Есіл» ауданы әкімдігінің өкілдері, «Есіл» ауданы ІІБ қоршаған ортаны қорғау полициясы бөлім инспекторы, «Жасыл Аймақ» РММ, «Астана Орманы» ЖШС, саяжайшылар одақтарының төрағалары қатысты. Сондай-ақ, қамысты шабу жұмыстарымен айналысатын «Астана Инвест 2030» ЖШС мердігерлік мекемесінің өкілдері де қатысқан болатын.

Толығырақ...

 

Елімізде «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына қол қойылды

PDF Баспаға жіберу

Сәуірдің 12-і күні Мемлекет басшысы ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына қол қойды. Аталмыш Заңның құқықтық реттеуінің пәні ретінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, азаматтық қорғаныс, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік материалдыққоры саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жүйлендірілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, азаматтық қорғаныс, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік материалдық қоры және апаттар медицинасы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық нормалардың алты салалық актілерін біріктіреді.

Толығырақ...

 

Елорданың «Сарыарқа» ауданы оқушылары «Жас құтқарушы» жарыстарына қатысты

PDF Баспаға жіберу

Балалар өз жасына байланысты, алдында тұрған қауіптің дәрежесін өз бетімен бағалай алмайды. Сондықтан оларға  тіршілікті қорғау бойынша қажетті білімді беру маңызды.

Осы мақсатта, барлық оқу жылы бойы, «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы балаларға тіршілікті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша дәрәстер берген болатын.

Сәуірдің 14-і күні   № 5 МӨСБ-нің спорт кешенінде жас құтқарушылардың жарысы ұйымдастырылды.  Аталмыш іс-шараларға   «Сарыарқа» ауданына қарасты 4 мектептің 28 оқушысы қатысты.

Толығырақ...

 

Елорданың «Алматы» ауданы бойынша «Жас құтқарушылар» жасақтары арасында жарыс өткізілді

PDF Баспаға жіберу

Сәуірдің 16-ы күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Спорт кешенінде  Елордамыздың «Алматы» ауданының  мектептері арасында «Жас құтқарушылар» жасақтарының арасында жарыс өтті.

Бұл жарысқа аудан аумағында орналасқан мектептер арасынан іріктеліп алынған алты топ сайысқа түсті. Жарыстың ережелеріне сәйкес  жас құтқарушылар төрт бағдарлама бойынша бақтарын сынады, атап айтқанда:100 м. қашықтықты кедергілермен жүгіріп өту; оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына өрмелеп шығу; өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімін уақытқа кию; мединциналық дайындық.

Толығырақ...

 

Елордада «Есіл» ауданының оқушыларының қатысуымен «Жас құтқарушы» жарыстары өтті

PDF Баспаға жіберу

Сәуірдің 14-і күні құтқарушы қызметінің имиджін көтеру мақсатында, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №5 МӨСБ-нің спорт кешенінде Есіл ауданы оқушыларының қатысумен «Жас құтқарушы» жасағының өрт-құтқару спорты бойынша іріктеу жарыстары бастау алды.

Жарыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында азаматтық міндетті арттыру, белгілі бір төтенше жағдайларда:  өрт, апаттар кезінде жедел әрекет етулерін нақыштау болып табылады. Себебі аталмыш жағдайларда балалардың дене шынықтыру дайындықтары маңызды. Осы сынды іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылатынын атап өту керек.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus