Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты
Департамент по ЧС города Астаны

Астаналық құтқарушылар белгіленбеген жағажайларды аралады

PDF Баспаға жіберу

Демалыс күндері астанада уау температурасының күрт жоғарлауына байланысты, қала тұрғындары суайдындарына жиі бара бастады, олардың қатарында суға түсуге арналмаған жерлер де бар. Қауіпсіз суға түсуді насихаттау мақсатында, Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ-нің инженерлік-инспекторлық құрамы суға түсуге арналмаған жағажайларды тексерді. Осылайша, қызметкерлер «Заречный» кентінің ар жағындағы «Нұра» арнасы, КазМЗУ ар жағындағы «Есіл» өзені, Бейсеков көшесінің бойындағы «Есіл» өзенінің маңына бас сұқты. Аралау барысында, азаматтарға қауіпсіздік ережелері жайында баяндалып, оларға жадынамалар таратылды.

Қайғылы жайттардың басым бөлігі көбінесе белгіленбеген жерде суға түсудің және алкогольдік ішіидіктің салдарынан орын алатындығы белгілі болып отыр.

Астана қаласының ТЖД Суда құтқару қызметі ескертеді:  Салқын суға шомылудың, әсіресе сүңгудің салдарынан қан тамырлары жиырылып, бұлшық еттер қысқарады, нәтижесінде адам есінен танып, тынысы мен жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Дені сау, шыныққан адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың температурасы +18°С, ауа температурасы +22°С болу керек.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушы – республикалық телеарнадағы «Күнбастар» бағдарламасының кейіпкері

PDF Баспаға жіберу

Тамыздың 22-і күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №16 МӨСБ-нің бөлімше командирі Дулат Темербеков 7 арнадағы «Күнбастар» бағдарламасының «Қауіпті мамандықтар» сюжетінің бас кейіпкері болды. Астаналық құтқарушы өрт сөндіру бөлімі бойынша кішігірім экскурсия өткізіп, өрт сөндірушілердің күнделікті жұмыстары жайында баяндады.

Д.Темербеков бағдарлама жүргізушісіне құтқарушылар оқитын оқу сыныптары, демалу бөлмелері жайында айтып берді.  12 келі шамасында салмақты құрайтын өрт сөндірушілердің киімін киі, құтқарушылардың күнделікті өмірлерін тани бастаған журналист біраз таңғалып та қалды. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер қандай уақыт аралығында киініп үлгерулері қажет және арнайы киімге қоса тыныс алу аппаратын киюлері шарт екендігі де айтылды. Бағдарлама тілшісіне көпқабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге арналған биіктігі 88 метрді құрайтын арнайы өрт сөндіру баспалдағына да мінуге мүмкіндік туды.

Толығырақ...

 

Астаналық Департаментте «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында іс-шаралар ұйымдастырылды

PDF Баспаға жіберу

Тамыздың 23-і күні «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің кадрлық жұмыс бөлімі және Департаменттің Әйелдер кеңесінің қызметкерлерімен балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Департамент бастығының міндетін атқарушы полковник И.Д.Күлшімбаевтің салтанатты сөз сөйлеуінен басталды. Өз сөзінде И.Д.Күлшімбаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтай келе,  жақындарын тек жақсы бағалармен қуантып, жаңа достар табуларын тіледі. Құттықтау сөзінен соң, И.Д.Күлшімбаев балаларға мектепке қажетті жабдықтар ретіндегі сыйлықтарды табыс етті.

Толығырақ...

 

Генерал-майор М.Қ.Ысқақов: «Конституция Қазақстан халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді»

PDF Баспаға жіберу

«Конституцияның  алғашқы бабымен Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таниды. ҚР Президентінің тануы бойынша, Қазақстанның конституциясы – еркіндіктің негізі болып табылады. Осылайша, Конституция Қазақстан халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді», - деп атап өтті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақов.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Конституция, мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін білдіреді, оның «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танып, ондағы басты құндылықтар адам, оның өмірі, құқығы және бастандығы болып таыбалды».

«Негізгі заңға 2007 жылдың 18-ші мамырында парламенттің қос палаталарының отырысында енгізілген толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік құрылым формасы бойынша Қазақстан президенттік-парламенттік басқару формасымен унитарлы мемлекет болып табылады.

Толығырақ...

 

Қымбатты астаналықтар мен қала қонақтары!

PDF Баспаға жіберу

Жаз келісімен көптеген демалушылар табиғат аясына демалуға шығады.  Адамдардың абайсыздықтары мен немқұрайлықтары салдары қиын өрттерге алып келіп жатады.

Астана қаласы ТЖ департаменті ескертеді:

қарапайым ережелерді сақтаңыздар:

- тұтанған сіріңкелерді лақтырмаңыздар;

- алауларды, қоқыстарды өрт қауіпті кезеңде жақпаңыздар;

- демалу орындарынан кетер кезде, алауларды сөндіріп немесе олардың үстіне құм сеуіп, өшіріп кетіңіз;

- жаңа ғана тұтанып жатқан өртті көрсеңіздер, оны сумен немесе құммен сөндіріңіз;

- жаңғыш заттар орналасқан сарайларда, жертөлелерде немесе басқа да жерлерде темекі шегіп,  ашық отты қолданбаңыз;

- құрылыстардың арасындағы өртке қарсы аумақта жаңғыш заттарды сақтамаңыз (шөп, бұта және т.б.);

- керосинді, газды немесе электро құрылғыларды жанған күйінде қараусыз қалдырмаңыздар;

Отты қолдану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі есіңізде болсын.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus