Астаналық ТЖ Департаментінде Тұңғыш Президент жайында фильм көрсетілді

Баспаға жіберу

Қарашаның 26-ы күні Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласы ТЖ Департаментінде өткен іс-шара барысында, Департамент қызметкерлеріне елбасы жайында фильм көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси және отбасылық өмірі жайында баяндалған фильм барысында, Ұлт көшбасшысының кәсіби мансабы, саяси жолдағы қиындықтары жайында айтылды. Елбасының қыздары, қарындасы мен достарының айтқан естеліктері бұл фильмнің сюжетіне ерекше серпін береді. Фильмді тамашалаған көрермен, Мемлекет басшысын тек білікті саясаткер, елін ілгері жылжытушы тұлға ретінде ғана емес, отбасы мүшелерін, достарын қадірлей, құрметтей білетін азамат ретінде таниды.

 

 

 

 

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі