Астанада «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысы талқыланды

Баспаға жіберу

Қарашаның 27-і күні Астана қаласы ТЖ Департаментінің мамандары, қалалық Білім басқармасымен астаналық мектеп директорлары орынбасарларының қатысуымен №67 гимназияда семинар-кеңес ұйымдастырды. Аталмыш жиын жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулып, тәрбиелік мақсатта өтті. Семинар-кеңес барысында, қатысушылар «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысы мен тәрбиелік мәні жайында сөз етті. Сонымен қатар, аталмыш үйірме балаларға экстрималдық жағдайда дұрыс әрекет қабылдауға демеу болатындығы тілге тиек етілді.

 

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі