Қымбатты әріптестер!

Баспаға жіберу

Тұңғыш Президент күні – әрбір қазақстандық үшін маңызды, әрі елеулі мереке болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарқын тұлғасы келер, өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып табылады. Елбасы жас мемлекетті халықаралық деңгейге шығарып, сырқы саяси аренадағы беделді орынға алып келген. Елі үшін аянбай еңбек етіп, халқына адал қызмет етіп жатқан жарқын тұлғаны қазақстандықтар Ұлт көшбасшысы етті.

Тұңғыш Президент күні әр қазақстандық үшін әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты біріктіреді. Еліміз үшін осынау маңызды мерекемен құттықтай келе, Сіздерге еңбектеріңізде жеміс, бақыт пен шаттық тілеймін!

 

Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы

Генерал-майор М.Қ.Ысқақов