Астанылық құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

Баспаға жіберу

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару» ММ-нің қызметкерлері Балалар үйіне бас сұқты. Балалармен кездесуге Астана қаласы ТЖ Департаментінің қызметкері, Елбасының қолынан лейтенанттық шен алған ҚР ТЖМ КТИ-ның түлегі Хамит Нұржан да барған болатын. Кездесу барысында ол балаларға оқу жайында айтып, естелік фотоларды көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында балғындарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, келе жатқан мерекеге орай құттықтау тілектер жолданды.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі