Астана қаласы ТЖ Департаментінде күзет фирмалары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға жіберу

Қаңтардың 20-ы күні Астаналық Департаментте күзет фирмалары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге шақырылғандардың қатарында Астана қаласы «Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасы» ММ сауда және қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қуанышев.С.С., «Кәсіпкерлер құқығын қорғау ассоциациясы» ЗТҰ жауапты директоры Елубаев К.М қатысты.

Отырыс барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2 сұрақ қарастырылды: «Сауда нысандарында өртті сөндірудің қиындықтары» және «Өндірістік және өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің реті мен кәсіпкерлікке қысым көрсетуді төмендету, әкімшілік тосқауылдарды қысқарту». Заңда қарастырылғандай, күзет фирмалары орын алған өрт оқиғалары жайында өртке қарсы қызметке жедел хабарлаулары шарт, сонымен қатар заңмен қарастырылғандай өртке қарсы қызмет мамандарына қызметтік міндеттерді орындау кезінде мекеме аумағында жедел әрекеттерді жүзеге асыру үшін мүмкіндік жасау.

Мемлекеттік өрт бақылау қызметінің мамандары сауда нысандарын тексеру барысында қызмет көрсету мамандарымен нұсқаулықтар мен жаттығуларды нақыштайды. Дөңгелек үстел барысында баяндамаларымен Астана қаласы ТЖД МӨБҚБ МӨБҚБ-нің бас маманы, өртке қарсы қызмет майоры Қасымов А.Ш., «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Амрин Р.Н., Астана қаласы ТЖД МӨБҚБ МӨБҚБ бастығы подполковник Абдрахманов У.М.,  Астана қаласы ТЖ және ӨҚ МББ бастығы Бегалинов А.В.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі