Астаналық ТЖД-де тұрғын секторындағы өрттерді болдырмау сұрақтары талқыланды

Баспаға жіберу

Қаңтардың 24-і күні Астаналық ТЖ Департаментінде өткен жиналыс барысында, тұрғын секторындағы өрттердің алдын-алу жұмыстары мен  «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысы талқыланды.

Жиналысқа ТЖ бөлімдерінің, суда-құтқару қызметінің, төтенше жағдайды жою және анықтау бөлімдерінің басшылары қатысты. Астана қаласы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Б.О.Дұзақбаевтың алғы сөзінен кейін, қатысушылар өзекті мәселелерді талқылауға кірісті.

«2014 жылдың басынан бері орын алған өрттер бойынша жағдай» атты  басты назарда болған тақырыптардың бірін Астана қаласы ТЖД Анықтау бөлімінің бастығы Тлеужанов М.Қ. қозғады. Ал тұрғын секторындағы өрттердің алдын-алу бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының ТЖБ басшылары есеп берді. Бұдан бөлек,  Төтенше жағдайды жою бөлім бастығы Е.С.Маманов жиналысқа қатысушыларға «Жас құтқарушы» үйірмелерінде атқаралып жатқан қарқынды жұмыс жайында 2013 жылғы атқарылған жұмыстар туралы да айта кетті. Ол   ОААҚЖ, ОМК және Судан құтқару қызметі ТЖБ аудандарымен бірлесе бекітілген кесте бойынша 8-11 сыныптар арасында 2014 жылы 6 рет сабақ өткізілетіні туралы баса айтты.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі