Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы «Астана» радиосының эфирінде

Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы, генерал-майор Ысқақов Мейрам Қабденұлы «Астана» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында Елбасымыздың жуырда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» Жолдауы талқыланды.

Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне артылған міндет жайында айтып, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажеттігін де тілге тиек еткен болатын.

М.Қ.Ысқақовтың пікірінше, бұл қадамдардың барлығы мемлекеттің қызметке деген қызығушылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр деп білемін. Меніңше, осындай нық әрекеттер мемлекеттік қызметке білікті әрі жауапты мамандардың келуіне себепші болады. Өз кезегінде, генерал-майор ТЖ Департаменті 2050 Стратегияның жүзеге асуына барша күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әр азаматының алдына қолжетімді, әрі нақты мақсаттар қойды, сондықтан Мейрам Қабденұлы барлық саяси партияларды, қоғамдық ұйымдар мен барша қазақстандықтарды ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірігуге шақырды. Сонымен қатар, бүгінгі жастарға ерекше үндеу жасады: «Бұл Стратегия – сіздер үшін. Оны іске асыратын да, оның жемісін көретіндер де сіздер. Әрқайсыңыз өз жұмыс орнында бұл жұмысқа кірісіңіздер. Бейжайлық танытпаңдар. Өз халқыңмен мемлекет тағдырын жасауға асық!».

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі