Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты

Астаналық өрт сөндірушілердің әулеті

PDF Баспаға жіберу

Өрт сөндіруші құтқарушы жұмысы – ең абыройлы мамандықтардың бірі, себебі көп орын алатын төтенше жағдайларға  және табиғи немесе техногенді факторларға төтеп беру үшін кәсіби мамандар қажет, олар кез келген уақытта адамдарды құтқаруға дайын болулары тиіс. Өрт сөндіруші жұмысын отбасылық мамандыққа айналғанын жиі кездестіре бермейміз.  Әкесінің, атасының, ағаларының, әпкелерінің, батылдығы мен батырлығын көріп, жас ұрпақ үлгі алып, құтқарушы мамандығын жалғастыруға ұмтылады.

Астаналық өрт сөндіру қызметінде отыздан астам өрт сөндірушілер әулеті қызмет етеді. Олардың  бірі - Өтешевтер мен Дауылбаевтар ағайындылары.

Өтешевтер әулиеті – ағайынды Нұрлан мен Нұрлыбек – өрт сөндіру қызметіне келгендеріне тоғыз жылдың жүзі болған. Бірінші болып қызметке үлкен ағасы – Нұрлан келеді, ол 2007-ші жылдан бастап жұмыс істейді, азаматтық қорғаныу  аға сержанты. 2015 жылға дейін ол 2-МӨСБ-де жұмыс істеп, содан соң маңызды нысандарды күзететін арнайы жасаққа ауысады. Оның кіші інісі Нұрлыбек өрт сөндіру қызметіне әскерден кейін, жеке меншік мекемеде бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін келеді. Ағасының жолын қуған Нұрлыбек қателеспейді: құтқарушы мамандығы оны толықтай баурап алады. Қазіргі уақытта Нұрлыбек Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ТЖМ-нің мемлекеттік өрт сөндіру университетінде білім алып жатыр және жақын арада офицер шенін алады. «Мен өрт сөндіруші мамандығын тандағаныма өте қуаныштымын, ешқашан өкінген емеспін. Ал осы мамандықты таңдауыма үлес қосқан ағама өз алғысымды білдіремін», - дейді азаматтық қорғаныс сержанты Нұрлыбек Өтешев.

Егіз ағайынды Дауылбаевтар – Ербол және Нұрбол.  Олар өмір бойы бірге. Өрт сөндіру қызметіне әскери борыштарын өтеп келген соң 2007 жылы келген.   Олар келешктерін құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келген.  Астаналық өрт сөндіру бөлімдеріне қызметкерлер қабылданып жатқанын білген жігіттер, бірден құжаттарын жинап, іріктеуге қатысады. Жұмысқа қабылданғаннан кейін ағайындылар 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жұмыс істейді. Ал, 2013 жылы Ербол Біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне ауысады. Бүгінгі күні ол - Көкшетаулық техникалық институтының курсанты. Ағайынды Дауылбаевтар өздерінің өмірге деген ерекше көзқарастарымен, еңбекқорлықтарымен және өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленеді. Департаменттің спорттық өміріне белсенді қатысады. Өрт сөндіру қызметіне орын алған алғашқы оқиғасымен Ербол былайша бөлісті:  «Бұл жағдай 2011 жылы болған еді. Жеке тұрғын үй жанған еді. Отқа оранған үйге кіреберісте ер адамның жатқанын бірден байқадым. Әріптестерімізбен ер адамды бірден сыртқа шығардық, дәрігерлерге тапсырдық. Кейін ол адамды уақытылы шығарып үлгерінімзді білдік. Алғашқы жылдары ірі өрттерді ауыздықтауға жиі шыққанбыз. Дегенмен, тәжірибеміз аз болғандықтан көбінесе әріптестерімізге көмектесіп жүрдік. Біздің басты мақсатымыз – адам өмірін құтқару ғой. Ал бұл оңай жұмыс емес. Бөлім басшылығы, құтқарушылардың барлығы дерлік қауіпсіздік ережелерін жақсы білулері шарт. Себебі қандай жағдай болмасын біз өзіміз де аман қалуымыз керек. Бүгінгі күні біз шыңдалған маманбыз деп айта аламын. Кез-келген төтенше жағдайды жоюға бар күш-жігерімізді сала аламыз. Біз жұмыстан қорықпаймыз. Біз Арқалық қаласының тумасымыз, көп балалы отбасыдан шыққанбыз. Негізі отбасымызда алты бала болған, қазір әпкеміз бен кіші ініміз, қарындасымыз бар. Барлығымыз дерлік мемлекеттік қызметтеміз: інімі – полицияда, қарындасым – дәрігер. Мамандығымды дәл таптым деп ойлаймын. Ағам екеуміз жеткен жетістіктерге қуаныштымын. Суреттеріміз құрмет тақтасында болған, менікі – Астана қаласы ТЖ Департаментінде, ал ағамдікі – Астана қаласы «ӨҚ және АҚЖ» ММ-де. Біздің жұмысымыз  басшылық тарапынан бағаланса, бізге бұл алға ұмытылуға тағы да шабыт береді. Алар жетістіктеріміз әлі де алды деп ойлаймын».

 

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ


 
Система Orphus