Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Департамент Басшылық Басшылық

Басшылық

PDF Баспаға жіберу

фото

Азаматтық қорғау полковнигі Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығы Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов

Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов 1973 жылы 14 маусымда Шымкент облысы, Бөген ауданы, Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген, Құқықтану магистрі.

Азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов азаматтық қорғау органында 2001 жылдан бастап қызмет етуде. Өз қызмет жолын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицерінен бастаған. 2010-2012 жж. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған; 2012-2014 жж. ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған; 2015 ж. ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін 2017 ж. «Айбын» Орденімен, 2002 ж. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», 2012 ж. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» меретойлық медалдарымен, 2010 ж. «Оқуда ерекше жетістіктері үшін», 2012 жылы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдарымен;  2010 жылы III дәрежелі Ресей ТЖМ АҚА «Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының» ерекшелік белгісімен;  2010 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен; 2012 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.




IMG_9731 Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығының орынбасары - Битаев Сәбит Кенжеханұлы 1976 жылы 14 қазанда туған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін Өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын Өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады. 1998 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері, Алматы облысы бойынша "Өрт сөндіруші" РМК № 17 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының Талдықорған қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының Талдықорған қаласы № 22 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды., Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы № 30 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы Талғар қаласы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2011 жылдың қазан айынан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ дәреже, «Астана қаласына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», Қырғызстан Республикасы ТЖМ «Әскери-азаматтық ынтымақтастықты нығайту үшін», «Шанхай бірлестік ұйымына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл», "Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғауына 40 жыл", "№ 28237 әскери бөліміне 40 жыл"», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медалдарымен, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері», "Өрт сөндіруші" АҚ 15 жыл" төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен марапатталды.

Отбасы 4 баласы бар.



IMG_4309 Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығының орынбасары - полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы

Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Дружба елді мекенінде дүниеге келген.

1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Мамандықтары: «өндірістік және азаматтық құрылыс», «өрт қауіпсіздігі».

Үйленген, 4 баланы тәрбиелеуде.

Өртке қарсы қызмет полковнигі Аманбаев Марғұлан Топашұлы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметін атқарған еді. М.Аманбаев азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу сұрақтарын қарастырады.

Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы кызмет органдарындагы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.


 
Система Orphus