Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Экстренная информация Жедел ақпарат!

Жедел ақпарат!

PDF Баспаға жіберу

3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы - Астана қаласы ТЖ департаменті ТЖД бастығының орынбасары М.Т. Аманбаев.

Ауа райы қолайсыздығының салдарын жоюға Департамент жеке құрамының 221 адамы және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1367 жұмысшысы және 618 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда  қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтіміділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілуде. «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ тас жолдан 30 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. «ОӨАЖҚЖ» ММ күштерімен 40 адам эвакуацияланды. «112» телефон нөміріне  жабылған тас жолдар мен көмек көрсету қажеттілігі бойынша 3100 қоңырау мен 850 хабарлама түсті.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.  Жағдай бақылауда  тұр.

Астана қ.ТЖД


 
Система Orphus