Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаментінде кәсіби білім беру бойынша сабақтар бастау алды

Астаналық ТЖ департаментінде кәсіби білім беру бойынша сабақтар бастау алды

PDF Баспаға жіберу
08.01.2016 18:49

Қаңтардың 8-і күні Астана қаласы ТЖ департаментінде жеке құрам үшін кәсіби даярлау сабақтары бастау алды. Айта кетейік, биылғы оқу жылында бұл алғашқы сабақ болып табылады.

Кәсіби даярлық – Департамент қызметкерлерін жұмыстан үзбей, кәсіби  дайындықтары мен біліктіліктерін арттыру жүйесі болып табылады.  Кәсіби дарлаудың негізгі мақсаттары – қызметкерлер даярлығының үздіксіз артуы, алынған білімнің іс жүзінде нақышталуы.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ келесі тақырыптарды қамтыды:  «Астана қаласы ТЖД-дегі кәсіби дарлықты ұйымдастыру», «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі», «Астана қаласы тЖД-гі ақпараттық-талдау жұмысын ұйымдастыру», «Жаңа Еңбек кодексінің шеңберінде қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу».

Кәсіби даярлық сабақтарының қорытындысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында жасалады. Сынақтар  қабылданған соң, арнайы комиссия алынған білімдердің деңгейін бағалайтын болады.



Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus