Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шарттары жайында астаналық ТЖД қызметкері «Таңшолпан» бағдарламасында айтты

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шарттары жайында астаналық ТЖД қызметкері «Таңшолпан» бағдарламасында айтты

PDF Баспаға жіберу
13.01.2016 11:09

2015 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Э.Райымбеков «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі. Әңгіме барысында Эльдор Райымбеков телекөрермендерге қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шарттары жайында баяндады.


Әңгіме барысында дауылды алдын ала ескертулердің мәселесіне ерекше назар аударылды. «Алыс жолға шығар алдында қалааралық тас жолдардың жағдайы мен ауа райының қолайлығы туралы ақпаратқа құлақ түру қажет. Далаға шығар алдынды үсік шалуды болдырмау үшін жылы киініп шығыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, алкогольдік ішімдіктерге әуес болмаңыздар», - деп департамент қызметкері атап өтті. Маман өз сөзінде, жылыту пештерін қолдану кезінде олардың жарамдығына назар салу қажеттігі, пештерді уақытылы тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру туралы айтты. Сонымен қатар ол көктайғақ кезінде қауіпсіздік шаралары туралы да айтып өтті.

Әңгіме соңында Астана қаласы ТЖД қызметкері көрермендерді қауіпсіздік ережелерін, өздерінің және жақындарының қауіпсіздігін сақтауға шақырды.



Астана қаласы

ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus