Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты 19 қаңтарда православты хриситяндардың құдайға шоқынуы өтеді.

19 қаңтарда православты хриситяндардың құдайға шоқынуы өтеді.

PDF Баспаға жіберу
14.01.2016 15:41

Астаналық құтқарушылар шоқынып суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.  Бұл іс-шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының, Орталық медицина апатының, ТЖ аудандық басқармаларының арнайы техникалары мен қызметкерлері жұмылдырылады.

Астанада барлық астаналық ғибадатханаларында мерекелік қызмет ету өтеді және дәстүр бойынша Шоқына жүру ұйымдастырылып, ол Есіл өзенін сумен шоқындырумен жалғасады.  Бұл іс-шара  19 қаңтарда сағат 11:00-де Константино-Еленинский соборынан басталып, астаналық жағалауда аяқталады.

Құдайға шоқыну –Православтық Шіркеудің ең маңызды меркесінің бірі болып табылады.  Астана ғибатханаларында 18–19 қаңтарда   Успенский кафедралық соборында  (6 ш.а, Күйші Дина, 27), Константино-Еленинский соборында ( Республики даң, 12),     Серафима Саровский ғибатханасында      (  Богенбай-батыр даңғ, 8)  дәстүрлі түрде құдайға қызмет көрсетулер өтеді.    Шіркеулік қызмет көрсетулер 18- қаңтардан таңғы сағат  8 –де басталып,  17:00-де аяқталады. 19 - қаңтарда   астаналық ғибадатханалдарда  құдайға қызмет көрсету таңғы сағат 8-де басталады. Есіл өзенінің жағалауында шомылуға арналған ойықтар ұйымдастырылады.   Осыған байланысты құтқарушылар шоқынып суға шомылу кезінде: денелері шынықпаған адамдарға,  жасы үлкен қарт адамдарға, денсаулығы нашар адамдар мен ішімдік ішкен адамдарға суға түсуге өте қауіпті екенін ескертеді.

Астаналық құтқарушылар егерде шоқынып суға шомылатын болсаңыздар қауіпсіздік  шараларын сақтауларын сұрайды; қажет кезде жедел білікті көмек көрсететін арнайы жабдықталған және қорғалатын жерлерде шомылыңыздар.  Бұл үшін Астана қаласының әкімдігі ағаштан жасалған торлар мен  қауіпісіз құралдармен жабдықталған арнайы ойықтар жасайтынын айтады.

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.


 
Система Orphus