Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар Шоқынып шомылуға байланысты брифинг өткізді.

Астаналық құтқарушылар Шоқынып шомылуға байланысты брифинг өткізді.

PDF Баспаға жіберу
15.01.2016 10:11

Қаңтардың 16-і күні   ҚР ІІМ ТЖК Орталық аймақтық аэромобильді құтқару отряды БАҚ өкілдеріне арналған Шоқынып суға шомылуға байланысты алдын-алу шараларын үйрету жөнінде брифинг өткізді.  Суда құтқару қызметінің мамандары, журналистер қауымына судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, барлық ойықтардың жанында құтқарушылар қызмет ететіндіктерін жеткізді. Жыл санап аталмыш мереке күні суға түсу артып келетінін айтады. Сәйкесінше, биылғы жылы да бұл көрсеткіш артуы мүмкін деген жорамал бар.

Аласталған шоқынған суға түсу – экстрималды қадам десек болады. Сол себепті де Суда-құтқару қызметі қасиетті суға түсу  келесі топтарға қауіпті:

  • балаларға;
  • бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
  • егде жасты адамдарға;
  • денсаулығы төмен адамдарға;
  • ішімдік ішкен адамдарға.

 

Тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар жерлерде ғана суға түсіңіздер.  

Мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына қатты ауыртпалық түседі: орта температураларының күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқталып, қан жолдары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал. Ал суда талып қалу дегеніміз – 3-4 минуттың ішінде құтқару шараларын жасамаған жағдайда, адам бірден көз жұмады. Құтқарушылар бұндай құтқару шараларына  жиі тап болады.

Ойыққа кірер алдында терең дем алып, деміңізді тоқтатып суға сүңгіңіз. Судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғандары дұрыс. Суға түсер алдында жеңіл аяқ-киім киюді ұмытпаңыздар.

Жыл сайын 18.01 күні 20-00-ден бастап 20.01. күні 01 сағатқа дейін Астана қаласы Орталық аймақтық аэромобильді апаттан құтқару жасағы қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл кезде су ойықтарының жанында Астана қ. ОФАҚЖ  жедел көлігі кезекшілік етеді, мейірбике мен құтқарушы-сүңгуірлерден тұратын екі ауысым қызмет етіп, барлық су ойықтарында патрульдык қызмет жүзеге асырылады. Шомылу орындарында қосымша  нұсқаулықтар жүргізіледі.

Сонымен қатар, шоқыну су ойықтарында мед.қызметшілер кезекшілік етеді: ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицина орталығының жедел жәрдем көлігі мен Денсаулық сақтау басқармасының реанимациялық жедел жәрдем көлігі.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus