Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша жеке тұрғын секторында рейд ұйымдастырды

Астаналық ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша жеке тұрғын секторында рейд ұйымдастырды

PDF Баспаға жіберу
27.01.2016 10:37

Астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері астананың жеке тұрғын секторында өрт қауіпсіздігі бойынша БАҚ-тың қатысуымен рейд өткізді. Іс-шара шеңберінде Астана қаласы ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.М.Абдрахманов республикалық телеарналардың эфирінде сөз сөйледі.

Сұхбат барысында Орал Мұттахиденұлы сұхбат барысында көрермендерге жеке тұрғын секторында көп орын алатын өрттер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. 2015 жылы Астана қаласында 870 өрт орын алған, олардың жартысы жеке тұрғын секторына тиесілі. Жыл ішінде Басқарманың инженерлік-инспекторлық құрамы  46500 жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамаларды таратты. Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындармен 730 кездесу ұйымдастырылған. Өрттердің алдын-алу бойынша жұмыстар сонымен қатар БАҚ құралдарын қолдану арқылы, «Астанаэнергосбыт» ЖШС көмегімен жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер электро энергиясын төлейтін есеп-шотта басылып шығарылды. Сонымен қатар, ХҚО мен Халық банкі ғимараттарында орналасқан экрандарда, көшедегі экрандарда Жаңа жыл алдында өрт қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы бейне роликтер көрсетілген болатын.

«Өрттердің алдын-алу мақсатында жылыту құралдары мен пештерін жұрыс қолдану қажет. Сонымен қатар, пештерді уақытылы жөндеп, тазалап, қараусыз қалдырмау керек», - деп атап өтті Департамент қызметкері.

Рейд барысында Департамент қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы жадынамалар мен парақшалар табыс етті.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus