Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қ. ТЖД-нің қызметкерлері және Ардагерлер одағы ҰОС ардагерлеріне «Жеңіс жолымен» атты кітабын сыйға тартты

Астана қ. ТЖД-нің қызметкерлері және Ардагерлер одағы ҰОС ардагерлеріне «Жеңіс жолымен» атты кітабын сыйға тартты

PDF Баспаға жіберу
01.02.2016 05:41

29 қаңтар күні Астаны қ. ТЖ департаментінің  қызметкерлері мен Ардагерлер одағының төрағасы А.К.Бекешев, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне  «Жеңіс жолдарымен» атты кітабын  табыс етті.

Бірінші болып Департамент қызметкерлері милиция майоры Бакишев Тукпатпен жүздесті. Ол 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Сібе ауылында дүниеге келген.   Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында артиллерия полкінің 21-ші гвардиялық девизиясында радиотелефоншы қызметінде өз борышын атқарған. Бакишев Тукпат бірнеше  медальдармен мараппатталған.

Және де тағы да бір соғыс ардагері  - ішкі қызмет майоры Заиченко Ивана Афанасьевичке де кіріп шықты.  Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысы Алексеевка ауданы Рамадан ауылында дүниеге келген.  1942 жылы Қызыл армия қатарына шақырылған болатын. Заиченко Иван Сталинград маңында, 169 - ату девизиясындағы зеңбірек батальонында  соғысқан.   1946-1956 жылдары ішкі қызмет органдарында қызмет атқарған.

Соңғы жұмыс атқарған лауазымы- Целиноград облыстық бөлімшесінің өрт сөндіру күзетінде қызмет атқарған.   Иван Афанасьевич Ұлы соғысының төс белгілерімен және «Сталингардты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Департамент қызметкерлері ардагерлерді келе жатқан Ұлы  Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтап, соғыс ардагерлеріне  Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына арнайы дайындалып жарыққа шыққан соғыс ардагерлері жайлы өмірбаяндық анықтама кітабын табыс етті.


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus