Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шарттары жайында «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шарттары жайында «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде

PDF Баспаға жіберу
11.02.2016 03:42

Ақпанның 11-і күні Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қоррғау подполковнигі Е.Ә. Байыров «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі. Әңгіме барысында Е.Ә. Байыров телекөрермендерге қар құрсауында қалып қою және қыз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі бойынша қабылданатын шаралар мен ведомствоаралық әрекеттесу туралы айтып берді.

Бағдарлама жүргізушілерімен әңгіме барысында жылыту аспаптары мен пештерді қолдану қауіпсіздігі бойынша Басқарманың жүргізетін үгіт шараларына тоқталып өтті. Жылыту пештерін қолдану кезінде тұншықтырғыш газбен улану және пештің жану оқиғалары орын алуы мүмкін, сол себепті осы оқиғалардың алдын-алу мақсатында Басқарма қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды ұйымдастырған. Сонымен қатар,  Басқарма бастығы көктайғақ және қала сыртына  шығуға тыйым салатын ақпараттық хабарламаларды назарға алудың маңыздылығы жайлы айтып, төтенше жағдайдың орын алуынының куәсі болғанда 101 және 112 шұғыл әрекет ету қызметтеріне уақытылы хабарлау керектігін ескерте кетті.

Әңгіме соңында Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ бастығы телекөрермендерді қауіпсіздік шараларын ұстанып, өзін және жақындарын қорғауға шақырды.



Астана қаласы

ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus