Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты I место завоевали спорстмены Службы пожаротушения Астаны

I место завоевали спорстмены Службы пожаротушения Астаны

PDF Баспаға жіберу
29.02.2016 10:16

Ақпанның 22-і мен 26-ы аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша Чемпионат өтті. Чемпионатқа 19 ерлер, 12 әйелдердің құрамасы мен 13 жасөспірімдер құрамасы қатысты.

Әйелдер арасында кедергілері бар 100 метрлік ара қашықтықты бағындыруда 17,67 секундты бағындыруда бірінші орынды 13-ӨСБ-нің кіші инспекторы азаматтық қорғау кіші сержанты Гептина Елена еншіледі, ал ерлер арасында 16,75 нәтижемен үшінші орынға 16-МӨСБ аға өрт-сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Буторин Николай табан тіреді.

Орта жастағы топта жасөспірімдер арасында шабуыл баспалдағы бойынша көтерілуден және 100 метрлік ара қашықтықты бағындыруда №58-ші мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Шамшоллаев Аңсар ерекшеленіп, екі спорт түрінен де екінші орынға қол жеткізді.

Оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілуде, ерлер арасында ақтық сынға гарнизонымыздың үш бірдей қызметкері жетті. Үшінші орынға 16-МӨСБ аға өрт-сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Буторин Николай табан тіресе, жартылай финалға   14,39 секунд нәтижемен өрт-құтқару спорты бойынша спорт шеберінің нормативін орындады. Ақтық сайыста төртінші орынға қол жеткізген 16-ӨСБ-нің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Мағау Нұралы жартылай финалда 14,40 секунд нәтижемен ҚР-ның өрт-құтқару спорты бойынша спорт шеберінің нормативін орындады. Оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілуде Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша бесінші мәрте спорт шебері болып, 13,70 секунд нәтижесімен әскери және қызметтік дайындық бойынша бөлімшенің инструкторы азаматтық қорғау капитаны Қайсарбеков Жасұлан атанды. Қоссайыс бойынша жарыстарда Астана қаласы Өрт сөндіру қызметі 9-ӨСБ-нің өрт сөндірушісі кіші сержант Мирас Дүйсеков үздік атанып, 1-ші орынға қол жеткізді.

Оқу мұнарасының 2-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілуде әйелдер арасында екінші орынға 7,83 секунд нәтижесімен 5-МӨСБ-нің радиотелефоншысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Баранник Камила қол жеткізді, үшінші орынға 8,02 секунд нәтижесімен 13-ӨСБ-нің кіші инспекторы азаматтық қорғау кіші сержанты  Гептина Елена табан тіреді.

Чемпионаттық қорытындысы бойынша әйелдер арасында ортақ командалық есепте – ІІІ-ші орынға ие болды.

Ерлер арасында Астана қаласы ТЖД-нің құрамасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Өрт-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттың жеңімпаздары атанды.

Бұдан бөлек,  Камила Баранник пен Жаппасова Айнагүл Өскемен қаласындағы Чемпионатқа бір күн қалғанда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада шеңберінде үздік атанды.

Спортшыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ