Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай астаналық оқушылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай астаналық оқушылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

PDF Баспаға жіберу
02.03.2016 06:23

Жыл сайын наурыздың 1-і күні Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез-келген мемлкеттің басты функцияларының бірі деп атауға болады.  Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға қамқты үлесін қосады.

Сонымен қатар, қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда халықты ақпараттандырудың үлкен маңызға ие екендігін атап айтқан жөн. Халықты ақпараттандыру - әр мемлекеттің міндеті болып табылады.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау күнін атап өтудің шеңберінде, астаналық «ОААЖҚЖ» ММ-нің қызметкерлері «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары ТЖ бөлімдерімен бірге  № 19, 59, 60, 66, 73 мектеп оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді.

Құтқарушылар балаларды Азаматтық қорғаудың Халықаралық мекемесінің тарихымен таныстырып, Қазақстандағы ТЖ қызметтерінің құрылуы жайында айтты. Сонымен қатар, экскурсия шеңберінде оқушыларға құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіліп, оларды қолдану аясы жайында түсінік берілді. Балалар сүңгуіршінің суға сүңгуін, жедел көліктерге мініп көріп, киналогтардың иттерімен танысты. Экскурсия балалар үшін өте қызықты өтті. Олар қызықтырған сұрақтарын қойып отырды.  Іс-шара аяқталған соң, қонақтар құтқарушыларға қызықты іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus