Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнінде оқушылар үшін өткізілген дәрістер

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнінде оқушылар үшін өткізілген дәрістер

PDF Баспаға жіберу
02.03.2016 06:39

Наурыздың 1-і күні Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні астаналық «Алматы» ауданы ТЖ басқармасының және ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының  қызметкерлері оқушылар үшін дәріс ұйымдастырды. Олардың шеңберінде құтқарушылар балаларға Департамент қызметкерлерінің ерліктері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шарттары жайында баяндады. Іс-шараға астаналық «Алматы» ауданының 11 мектебінің оқушылары қатысты.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық пен тәртіпті тәрбиелеу, жасөспірімдерді төтенше жағдайлар мен басқа да зілзалалар кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету болып табылады.

Айта кетейік, наурыздың 1-і күні «ОААЖҚЖ» ММ-нің және Суда-құтқару қызметінің мамандарымен арнайы құтқару техникасының және құралдарының көрмесі өтті. Оның барысында балалар құтқарушылардың жұмысымен танысқан болатын.

Жыл басынан бері Басқарма қызметкерлері ауданның барлық мектептерінде дәрістер өткізген болатын.



Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus