Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар шаңғы спорты бойынша І-ші орынға қол жеткізді

Астаналық құтқарушылар шаңғы спорты бойынша І-ші орынға қол жеткізді

PDF Баспаға жіберу
11.03.2016 18:26

Наурыздың 11-і күні ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері арасында Қысқы спартакиада шеңберінде шаңғы спорты бойынша жарыстар өтті. Қаламыздың 7 мемлекеттік ведомствасы арасында Астаналық Өрт сөндіру қызметінің құрамасы топ жарып, І-ші ортақ командалық орынға қол жеткізді.

Спартакиада 4 кезеңнен тұрады: шаңғы спорты, волейбол, үстел теннисі, күрес. Бірінші кезеңде – шаңғы эстафетасында 4 адамнан құралған топтар қатысты (1 әйел адам, 2 ер адам). Шаңғы спорты бойынша өткен жарыстардың қорытындысына сәйкес, жүлделі бірінші орынға әріптестеріміз қол жеткізсе, ІІ-ші орынға ОААЖҚЖ құрамасы, ІІ-ші орынға ҚР ІІМ ТЖ комитеті табан тіреді.

Жарыстардың келесі этаптары – волейбол, үстел таннисі мен күрс – наурыздың 14,15 мен 22-не жоспарланып отыр. Конкурстың қорытындысы Наурыз мейрамын мерекелеу барысында, айдың 22-і күні мерекелік іс-шара барысында жарияланады.




Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus