Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада жаңадан салынып жатқан объектілерде төтенше жағдайларын алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Астанада жаңадан салынып жатқан объектілерде төтенше жағдайларын алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

PDF Баспаға жіберу
16.03.2016 15:29

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде бастықтың орынбасары азаматтық қорғаныс полковнигі Мейрамбек Советұлы Қайсановтың төрағалығымен «Жаңадан салынып жатқан объектілерде төтенше жағдайларын алдын алу» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Астана қаласының "Мемлекеттік құрылыс бақылау» ММ-нің қызметкерлері, Прокуратура басшылығы, ТЖД өкілдері және астананың құрылыс ұйымдары болды.

Техникалық нормалау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Әділхан Қанатұлы Дүйсенов өрттердің алдын-алу, өрттің негізгі себептері туралы хабарлады. Ал мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Төлеген Темешұлы Усабай Астанадағы өрт жағдайлардың статистикасын келтіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық кезіндегі жауапкершілігі туралы баяндама жасады.

Баяндамашылар  Астана қаласындағы құрылыс нысандарында өрттер туралы және өрт пайда болу себептері бойынша келтірілген мәліметтер ұсынды.

Баяндамаларды талқылау барысында келесі қорытынды шығарылды. Өрт және басқа да ТЖ алдын алу мақсатында құрылыс ұйымдарының басшыларына ұйымның қызметкерлерімен бірге өткізілген үгіт-насихат жұмыстары туралы ұсыныс хаттар жолдау арқылы ТЖ-ды жою.

Сонымен бірге, құрылыс ұйымдарына Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне салынып жатқан нысандарда өртті болдырмау жайында және адамдардың өлімі мен жарақаттануын алдын алу туралы лекциялар жүргізу үшін ынталы хаттармен өтініш білдірулері ұсынылды.

 

Астана қаласы Нормалау-техника бөлімі


 
Система Orphus