Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада су тасқынын алдын-алуда брифинг өткізілді

Астанада су тасқынын алдын-алуда брифинг өткізілді

PDF Баспаға жіберу
01.04.2016 18:22

1 сәуірде Астана қаласы ТЖД мен Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы көктемгі кезеңдегі қауіпсіздік шаралары жөнінде рейд жүргізу арқылы брифинг өткізеді.

Тасқынның келуіне байланысты Есіл, Ақбұлақ өзендері мен қаланың басқа да су қоймаларындағы мұз қыртысы қауіпті кезеңде тұр: жағалауларда жиек сулар, мұз үстінде - су пайда болды және су сіңген әлсіз мұздың өзі борпылдақ қалыпқа еніп, ересек адам түгілі баланың салмағына шыдар емес.

Соңғы жылдардың статистикасы адамдар қауіпсіздік шараларын тәрк етіп, көктемгі мұз үстіне шығу фактілерін тіркеді:

23.03.2011 жылы 2-ЖЭО ауданында техникалық су қоймасынан (күл төгілетін орыннан) өту кезінде 1983 жылы туған ер адам суға кетті;

07.04.2012 жылы Есіл өзенінен өту кезінде Сарыарқа даңғылындағы автокөлік көпірі аумағында 1950 жылы дүниеге келген ер адам мұз астына түсті (Астана қ. Судан құтқару қызметінің құтқарушыларымен құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды).

11.04.2013 жылы  1993 жылы дүниеге келген жігіт Есіл өзенінен  орталық саябаққа қарай  жаяу жүргішілер көпір аумағында мұз астына түскен (Астана қ. Судан құтқару қызметінің құтқарушыларымен құтқарылып).

Қатерлі топтарға жатқызылатын балалар, жасөспірімдер мен балықшылар аса алаңдаушылық туындатады.

Жағалау жолағын тасқын кезеңінде патрульдеу кезінде құтқарушыларға су қоймалары жанындағы ересектерсіз жүрген балалармен, жасөспірімдермен ескерту әңгімелерін жиі жүргізуге тура келеді.  Сондай-ақ, мұз астынан балық аулауды жақсы көретіндермен де осындай әңгімелер жүргізіледі. Бұлар қауіпсіздік шараларын елемей, құтқару қызметінің тақталарын пысқырмай, жиі сақтану құралдарынсыз мұз үстіне шығады.

Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы ҚР ІІМ Министрінің нұсқауына сәйкес Астана қаласы Жергілікті полиция және Астана қаласы ТЖД қызметкерлерімен тасқын кезеңінде күшейтілген тәулік бойғы режімде жұмыс істейді. Күзетілетін акваторияларға бақылау жүргізіледі: мұнарадан бақылау, жағалау жолағын патрульдеу, қаланың су қоймаларындағы мұз қыртысына мониторинг жүргізу.



 
Система Orphus