Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада жас өрт сөндірушілер жасақтарының арасында жарыс өтті

Астанада жас өрт сөндірушілер жасақтарының арасында жарыс өтті

PDF Баспаға жіберу
27.04.2016 10:51

Оқушылардың бойында ержүректілік, азаматтық борышты, ұлтжандылық  сезімін тәрбиелеу мақсатында және  шұғыл жағдайларда, өрттерде, авариялық жағдайларда  әрекет ету дағдыларын арттыру мақсатында Астана қаласының «Сарыарқа» ауданына қарасты мектептердің оқушылары қатысқан жас өрт сөндірушілер жасақтарының арасында жарыс өткізілді.

Ауданның ең мықты деген төрт командасы «Құтқарушы» спорт кешенінде күш сынасты. Өрт құтқару спортының 5 түрінен тұратын спорт жарыстары келесі түрлер бойынша өткізілді: өрт автокөлігінен жауынгерлік қанат жаю, құтқару арқанын түптеп байлау, шабуыл сатысы бойынша екінші қабатқа көтерілу, эстафета, сонымен қатар медициналық конкурс. Барлық нормативтердің барысында тек қана уақытында үлгіру емес, сонымен қатар жаттығуды дұрыс орындауды қажет еді.

Жарыстың қорытындысы бойынша екі жыл қатарымен чемпиондар титулын жеіп алған № 20 орта мектебінің командасы топ жарып, екінші орынға  № 19 орта мектебінің командасы ие болды және үшінші құрметті орынды № 3 орта мектептің құрамасы еншіледі.

Спорттық доданың жалпы командалық және жеке сынақ бойынша жеңімпаздарды грамоталармен, медальдермен және құнды сыйлықтарымен марапатталды.

 

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ басқармасы