Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын-алу

Өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын-алу

PDF Баспаға жіберу
04.05.2016 10:55

Астана қаласы ТЖ департаментінің «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері қаламыздың жеке тұрғын секторындағы өрттердің алдын-алу бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде. Мамандардың айтуынша, өрт қауіпті кезеңде бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Аулаларды аралау барысында  жылыту пештерінің жағдайына, тұрғын үйлердегі электр құралдарына, құрғақ шөптерді жинау мен жағу тәртібіне ерекше назар аударылды. Шараға дыбыс зорайтқыш құралы бар 1 арнайы техника жұмылдырылды. Ол арқылы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері баяндалды.  Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері жылыту пештерін қолдану кезінде ережелердің сақталмайтынын байқап, үй иелеріне ақаулардың салдарын түсіндіріп өтті.  Сонымен қатар, мамандар үй иелері мен оларды жалға алушы тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелері және тұрғын үйдің аумағында қоқоыстарды жағудың қаупі туралы сөйлесті.  Бұндай іс-шаралар жеке тұрғын секторындағы өрттердің санын төмендету мақсатында қолға алынған.




Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖ басқармасы


 
Система Orphus