Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ардақты әріптестер!

Ардақты әріптестер!

PDF Баспаға жіберу
06.05.2016 10:55

Мен Сіздерді Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтаймын!

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді осы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

Жеңіс күні – тарих төрінен орын алған ұлы мереке.
Бар әлемді дүр сілкіндіріп, жер ананы қанға бояған сұм соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бүгінгі ұрпақ оның мән-маңызын жете түсінеді.

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз.Қашан да шуақты күннің астында Тәуелсіз еліміздің көк байрағын желбіретіп, биік  армандарымызға жете берейік!



Астана қаласы Төтенше жағдайлар

департаментінің бастығы

азаматтық қорғау  полковнигі Б.О.Дұзақбаев


 
Система Orphus